Бүгін наурызнама бойынша – Ұлттық спорт күні. Бұл мейрам халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық ойындарын дәріптеуге, салт-дәстүрімізді жаңғыртуға арналған. Атаулы күнге орай орталық алаңда спорт түрлерінен жарыстар ұйымдастырылды. Қала тұрғындары асық атып, тоғызқұмалақ ойнап, қазақ күресін тамашалады.

Тоғызқұмалақ – логикалық ойлауды дамытатын интеллектуалды ойын. Бұл спорт түріне қызығушылық танытқан жастар саны жылдан жылға артып келеді. Әсіресе мектеп оқушыларының арасында танымал.

Атаулы күнге орай қазақ күресінен сайыс ұйымдастырылды. Жас балуандар мереке көркін қыздырды.

Қазіргі таңда ұлттық спорт түрлерін дамыту ісі қарқынды. Мемлекет тарапынан қолдауда бар. Әр өңірде федерациялар құрылып, халықаралық деңгейде жарыстар ұйымдастырылуда.