Өскемендегі «Үміт» арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды қолдау орталығының тәрбиеленушілері Наурыз мейрамын сән-салтанатпен атап өтті. Орталықта киіз үйлер тігіліп, келушілерге арналған мерекелік дастархан жайылды.
Мейрамды тағлымды да тартымды етіп атап өткізуге мекеме қызметкерлері мен балалар біркісідей атсалысқан. Жер-жерде қызықты ойындар мен сайыстар ұйымдастырылды. Орталықтың тәрбиеленушілері қонақтарға театрландырылған қойылым қойды. Сонымен қатар әннен шашу шашып, мың бұрала би биледі. Бұл күні қазақтың ұлттық тағамының 42 түрі әзірленді.
Шараға облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов келді. Аймақ басшысы орталық тәрбиеленушілері мен ұжымды наурыз мерекесімен құттықтап, сәттілік тіледі. Бұдан бөлек, музыкалық жабдық сатып алу үшін сертификат табыстады.
«Казцинк» ЖШС әкімшілік мәселелер жөніндегі атқарушы директоры, орталықтың бас демеушісі Андрей Лазарев мерекенің жоғары деңгейде өткенін айтып, алғыс білдірді.
Өнерліге - өріс кең. Дарынды жеткіншектердің болашағы зор дейді, облыстық білім басқармасының басшысы.Бұл күн балалардың көпке дейін есінен кетпесі анық.