Өскемендегі Күленов кентінің тұрғындары Наурыз мерекесін кең көлемде атап өтті. Мереке күні ұлттық спорт дәріптеліп, ыстық ас таратылды. Толығырақ әріптесім рет-ретімен.
Наурыз мейрамы - көне дәстүр сабақтастығының белгісі саналатын, ұлттық мәдениетіміздің қайта түлеген ерекше мерекесі. Халық арасында бұл мереке ұлттық таным бойынша үйге жыл бойы молшылық пен сәттілік әкеледі деген сенім бар. Күленов кенті Наурыз мерекесін осымен екінші жыл тойлап отыр.
Наурыз мерекесі тек ұлттық киіммен, Наурыз-көжемен шектелмейді, бұл біздің ұмыт болып бара жатқан салт-дәстүрімізді жастарға дәріптеуге бағытталған үлкен шара,- дейді Мадияр Қалымұлы.
Шараға жиналған халықтың қарасы қалың. Барлығы ән айтып, би билеп көтеріңкі көңіл-күйде.
Мерекеде ұлттық ойындар ойнатылып, қатысушыларға сый-сиапат берілді. 20 жасар Гүлім Болатова 16 келілік гір тасын 50 рет көтеріп жеңімпаз атанды. Жеңімпазға ақшалай сыйлықта табыс етілді.
Өскемен қаласы әкімінің аппарат басшысы Азамат Қарағызов та бұл шараға арнайы келген. Ол халыққа жылы лебізін білдіріп, Ұлыстың ұлы күнімен құттықтады. Наурыз мерекесіне жиналған қауым бір-біріне жылы лебізін білдіріп тарқасты.