Сыбайлас жемқорлық - қоғамға залал. Онымен құзырлы органдар күрессе, комплаенс-офицерлер әр мекемеде алдын алуға, болдырмауға атсалысады. Осы ретте облыс орталығында жемқорлыққа жол бермеуге бекіген мамандардың жиыны өтті.
Ұзақ тәжірибе мен әлеуметтік зерттеудің нәтижесінде түрлі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің туындауы азаматтардың жауапкершілік деңгейіне тікелей қатысты екені белгілі болған. Десе де, қоғамда кісілік қағидаттан аттап кетіп жататындар аз емес. Жемқорлық тәуекелдерін азайту, алдын алуда комплаенс-офицерлердің көмегі зор. Бүгінде квазимемлекеттік сектор субъектілері қызметкерлерінің адалдығына, парасаттылығына аса назар аударуда. Бұл жиынға әр мекеменің комплаенс-офицерлері, заңгерлер қатысты.
«Комплаенс» - ұйым құрған ережелер мен этикалық нормалар жиынтығы, ішкі тәртіп. Заңға сүйенсек, барлық компаниялар сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың субъектілері саналады. Олардың барлығына жемқорлықтың алдын алу, жағдайларды азайту бойынша шара қабылдау құқығы берілген. Бұл қызметпен жақсы таныс маманның бірі Серік Сасаев.
Бүгінде облыста 250-ден астам комплаенс-офицер бар. Әрқайсы өз міндетін жоғары деңгейде атқарып келеді, деді сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік өкілдері.