Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінде Жеңістің 80 жылдығына орай «Ерлік елге мұра, ұрпаққа ұран» атты өңірлік форум өтті. Шараның мақсаты – түрлі ұйымдардың күш-жігерін біріктіріп, еріктілер қозғалысын дамыту.
Шараны Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі, үкіметтік емес ұйымдар және Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ ұйымдастырды. Форумға Алматы қаласынан, ШҚО, Абай және Павлодар облыстарынан іздеуші-еріктілер арнайы келді. Соның бірі - Абай облысы мен ШҚО бойынша волонтер-іздеуші Зәуреш Байкенова. Ол саналы ғұмырын хабар-ошарсыз кеткен сарбаздарды іздеуге арнаған.
Форумның ашылу салтанатында Өскемен қаласы әкімінің орынбасары Ирина Смит іздеуші-волонтерлердің еңбегін атап өтті. Бірқатар қатысушыларға алғыс хат табыстады.
Тағылымды шара аясында пленарлық отырыс өтті. Іздестіру жұмыстарының нәтижелері таныстырылды. Форум қатысушылары назарына фотокөрме ұсынылды. Форум соңында экскурсия ұйымдастырылды.