Өскемендегі С. Аманжолов атындағы ШҚУ наурыз мерекесі аталып өтті. Игі шараға өңірдегі зиялы қауым өкілдері қатысты. Айтулы жиында білімгерлер арқан тартыс, қазақша күрес, тоғыз құмалақтан сайысқа түсті. Мейрімділік пен ізгіліктің жаршысына айналған ұлық күні жайлы тілші бейнематериалында.

Мерекелік жиынға облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов қатысты. Жас ұрпақты тәрбиелеуде ерекше көзге түскен университет қызметкерлері мен белсенді студенттер марапатталды. Сонымен қатар, оқу орнының алдында жеті киіз үй тігілді. «Ұлы көш» аталатын қазақ үйлері ұлт үшін аянбай еңбек еткен жандардың есіміне берілген.

Наурыз тойында түрлі салт-дәстүрлер көрсетелді. Өткен «Беташар» рәсімі соған дәлел. Сондай-ақ қазақ күресі, тоғызқұмалақ, аударыспақ сынды ұлттық спорт түрлерінен студеттер бәскеге түсті. Жеңімпаздарға сыйлықтар табысталды.

Шара соңында наурыз көже таратылды. Жастар дән риза. Игі шара жыл сайын жалғасын табатын болады дейді ұйымдастырушылар.