Риддерде қоршаған ортаны қорғауға бағытталған «Таза Қазақстан» акциясы өтті. Акцияға кеншілер қаласының тұрғындары түгелдей қатысты. Жергілікті әкімдік ұйымдастырған шарада жастар, мемлекеттік қызметшілер, кәсіпкерлер, спортшылар мен этномәдени бірлестік өкілдері белсенділік танытты.
Экологиялық мәдениетті арттыру мен қаланы көркейтуге бағытталған шараның ауқымы кең. Биыл 5000-нан астам қала тұрғыны тазалық жұмыстарына үлес қосуға ниетті. Бұл шараға 30-дан астам арнайы техника жұмылдырылып, аулалар мен саябақтарда қалыпқа келтіру жоспарланған. Тазалық акциясы алдағы екі ай көлемінде өткізіледі.
Тазалық пен тәртіп – үйлесімді қоғамның көрінісі. Риддер қаласының тұрғындары бұл бастаманың жарқын мысалын көрсетіп отыр. Игі бастама тек бір күнмен шектелмей, күнделікті өмір салтына айналуы тиіс дейді тұрғындар.
қала әкімдігі «Үздік аула» байқауын да жариялады. Байқау жеңімпазына 20 млн. теңге беріледі.
«Таза Қазақстан» — тек экологиялық акция ғана емес, ұрпаққа үлгі болатын игі дәстүр. Риддер қаласының тұрғындары бұл бастаманың маңызын терең түсініп, бірлесе еңбек етуде.