ҚР Парламенті Сенаты жанындағы Сенаторлар кеңесінің мүшелері Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетіне барды. Кеңес мүшелері ЖОО оқытушыларымен жұмысшы мамандықтардың мәртебесін арттыру жолдарын талқылады.
Кездесуге қоғам қайраткерлері мен еңбек ардагерлері қатысты. Жиында олар еңбек жолдарын қарапайым жұмысшыдан бастағандарын айтып, өз тәжірибесімен бөлісті.
Сапар аясында кеңес мүшелері Лу Бань шеберханасына барды. Мұнда автокөлік құрастыру саласына қажетті мамандар даярланады.
Кездесу соңында облыстық мәслихат депутаттары өңірдегі өзекті мәселелерді көтерді. Сенаторлар кеңесі төрағасының орынбасары Бірғаным Әйтімова ұсыныстарды уәкілетті органға жеткізетіндігін айтты.