Жұмысшы мамандықтар жылы аясында ҚР Парламенті Сенаты жанындағы Сенаторлар кеңесінің мүшелері өңірге жұмыс сапарымен келді. Кеңес мүшелері сапар аясында Шығыс Қазақстандағы техникалық және кәсіптік білім беру орындарын аралайды.

ШҚО әкімдігінде Сенаторлар кеңесінің мүшелері аймақ басшысы Нұрымбет Сақтағановпен кездесті. Бұл сапар Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялауына байланысты жүзеге асырылып отыр. Облыс әкімі аталған бағытта өңірде атқарылып жатқан жұмыстар жайында баяндады.

Биыл өңірде ауыл шаруашылығы, авиация, энергетика, құрылыс, су көлігі сынды салалар бойынша жаңа жұмысшы мамандықтары енгізілмек. Жиында сенаторлар кеңесінің мүшелері Шығыс Қазақстан облысы жұмысшы мамандықтарының орталығына айналғандығын тілге тиек етті.

Сапар барысында кеңес мүшелері өңір тұрғындарымен және еңбек ұжымдарымен кездесіп, жұмысшы мамандықтардың маңызы жайында пікір алмасады. Облыстағы техникалық және инжерелік кәсіпорындарға барып, жұмыс барысымен танысады.