Жеңістің 80 жылдығына орай Өскеменде ардагерлер арасында тоғызқұмалақтан облыстық турнир өтті. Жарыстың ашылу салтанатына ҚР Тоғызқұмалақ федерациясының вице-президенті Болат Оспанов Қазақстан халқы Ассамблеясының ШҚО ақсақалдар кеңесімен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Жарыстың мақсаты – тоғызқұмалақ ойынын қоғам арасында кеңінен насихаттап, ұлттық құндылықтарға деген құрметті арттыру. Додаға Шығыс Қазақстанның 9 ауданынан 29 ардагер қатысып, ұлттық ойыннан шеберліктерін сынға салды.

ҚР Тоғызқұмалақ федерациясының вице-президенті Болат Оспанов аталған спорт түрін дамытуға үлес қосқан 84 жастағы ардагер, шығыстың бірнеше дүркін чемпионы Аманжол Беделмановқа арнайы марапат табыстады.

Турнир үшін жолдың ұзақтығына қарамастан келгендер көп. Барлығы ұлттық ойынды ұлықтап, маңызын жіті түсінеді.

Жарыс қорытындысы бойынша бірінші орынды Асылтан Боқасов иеленді. Екінші орынға Маргарита Порхоменко табан тіресе, үшінші орын Дәулет Ғарифуллин мен Бекболат Ақылбековке бұйырды.