Өскемендегі Борис Александров атындағы спорт сарайында Қазақстан чемпионатының кезекті ойындары өтті. Бұл жолы Көкшетаулық «Арлан» мен жергілікті «Торпедо» командалары кездесу өткізді. Тартысты ойынды әріптесіміз де тамашалап қайтты.

Шайбалы хоккейді көруге келегендердің қарасы қалың. Мұз айдынындағы ойын тартысты басталды. Алғашқы кезеңінде «Торпедо» командасы қорғаныста сенімді ойнап, жас қақпашы Владислав Пестов 11 соққыны қайтарып, командасын алға жетеледі.

Екінші кезеңде «Арлан» командасы шабуылдарын күшейтіп, Степан Санников «Торпедо» қақпасынан саңылау тапты. Алаң иелері қарсыластың мүлт кеткен сәтін тиімді пайдаланып, 52-ші минутта есепті 1:2-ге қысқартты. Бірақ, қалған уақытта есепті теңестіру мүмкін болмады. Осылайша, «Арлан» командасы ел чемпионы атанды. Дегенмен, «Торпедо» командасы маусым бойы тамаша ойын өрнегін көрсетіп, жанкүйерлердің құрметіне ие болды.