Жасөспірімдердің саналы таңдау жасап, өмірлік маңызды шешімдерге байыппен қарауы – қоғам алдындағы басты міндеттердің бірі. Осы мақсатта Өскеменде ерекше форматтағы әлеуметтік спектакльдің премьерасы өтті. Облыстық Полиция департаментінің бастамасымен сахналанған «Таңдау» қойылымы – жас буынмен байланыс орнатудың тың тәсілі.

700-ден астам мектеп оқушылары мен колледж студенттері алғашқылардың бірі болып «Таңдау» туындысын тамашалауға мүмкіндік алды. Қойылым шынайы диалог пен өмірден алынған оқиғалар арқылы көрерменге ой салады.

Думан Дулатұлы қойылымда басты рөлдердің бірін сомдады. Ол тың туынды арқылы көрермен жүрегінен орын табу қиынға соққанын айтат.

Туынды республикалық «Жасөспірім» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында көрерменге жол тартты. Қойылым – тәртіп сақшыларының жастармен жұмыс барысындағы жаңашылдықтың бірі.

«Таңдау» қойылымын тамашалауға келген жастардың туындыдан түйгені мол. Әрі қатарластарын зиянды әдеттерден, заң бұзушылық әрекеттерден аулақ болуға да шақырамыз деп отыр.

Қойылым соңында жасөспірімдер тәртіп сақшыларына өздерін толғандырған сауалдарын қойды, пікір алмасты.