«Жастарға жұмыс» жобасы аясында Өскеменде бос орындар жәрмеңкесі өтті. Шараны «Жастар Рухы» жастар қанатының аймақтағы филиалы ұйымдастырды. Мақсат – екі қолға бір күрек таппай жүрген азаматтардың санын азайту.

Шараға 40-тан астам жұмыс беруші қатысты. Олар – мемлекеттік органдар, квазимемлекеттік сектор субъектілері және жеке компаниялар. Жәрмеңке аясында жұмысшы мамандықтарына бағытталған 400-ге жуық бос жұмыс орны ұсынылды.

Түрлі кәсіп иелері бос жұмыс орындарын жастарға ұсынды. Азаматтар жұмыс берушілердің түрлі ұсыныстарымен танысып, қажетті ақапар алды.

Аймақтағы өндіріс орындарында жұмысшы мамандықтарға сұраныс жоғары. «Жастарға жұмыс» жобасы аталған мәселенің түйінін тарқатуға бағытталған, дейді шараға қатысушылар.

Жәрмеңке аясында қатысушыларға тегін кеңес берілді. Мамандар қаржылық және заңнамаға қатысты сауалдарға жауап берді.