«AUYL SPORT-2026» облыстық турнирі
Ауылдық жерлердегі жас спортшылар арасында «AUYL SPORT-2026» облыстық турнирі басталды. Жарысқа 470 жас спортшы қатысуда. Олар облыс құрамасына еніп, республикалық турнир кезеңінде Шығыс Қазақстанның намысын қорғау құқығы үшін бақ сынауда.
Бірнеше күн бойы өңірдің спорт алаңдары ауылдық жерлерден келген жас спортшылардың басын қосты. Турнир бірден жеті спорт түрінен өтуде. Жас спортшылар шағын футбол, волейбол, баскетбол, еркін күрес, бокс, шахмат және үстел теннисі бойынша бақ сынауда. Шығыс Қазақстан облысының құрама командасына ену құқығы үшін 470 қатысушы жарысуда.
Нұрымбет Сақтағанов, Шығыс Қазақстан облысының әкімі:
Ауыл еліміздің алтын бесігі. Біздің ортақ міндетіміз өздеріңдей жас өрендерге спортпен айналысуға қала болсын, ауыл болсын, аудан орталығы болсын барлық жерде бірдей жағдай жасау. Шығыс Қазақстан облысында мемлекет басшысы, президентіміз Қасым -Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес спортты оның ішінде бұқаралық спортты дамытуға ерекше көңіл бөлініп, балалар мен жастарды спортта кеңінен жұмыстар жүргізіліп жатыр.
Командалық спорт түрлеріне ерекше көңіл бөлінуде. Шағын футбол жарысына 108 спортшы қатысты. Волейбол алаңында 192 ұл-қыз бақ сынаса, баскетболдан тағы 60 спортшы жарысуда.
Асқар Можанов, облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы:
Бұл — 2026 жылғы іріктеу жарысы. Астана қаласында өтетін «Ауыл спорты» қорының республикалық спартакиадасына жолдама беретін іріктеу кезеңі. Аталған іс-шара бірнеше жылдан бері жеті спорт түрінен өткізіліп келеді. Шығыс Қазақстан облысында республикалық кезеңге қатысатын ең мықты спортшыларды анықтау мақсатында іріктеу жарысы ұйымдастырылуда. Спартакиада жеті спорт түрін қамтиды. Олар - волейбол, футбол, шахмат, үстел теннисі, сондай-ақ еркін күрес, бокс және басқа да спорт түрлері. Барлық спортшыларымызға сәттілік тілеймін! Іріктеу кезеңінен сүрінбей өтіп, облысымыздың үздік спортшыларынан құралған құрама жасақтап, «Ауыл спорты» республикалық финалдық ойындарында Шығыс Қазақстанның намысын абыроймен қорғауларына тілектеспін.
Турнир қорытындысы бойынша Шығыс Қазақстан облысының құрама командасы жасақталып, ол республикалық «AUYL SPORT» кезеңінде өңір намысын қорғайды.
Салтанат Кеңесбекқызы