Қазақстан Халық Кеңесі мүшелері жастармен кездесті
Облыс орталығында Қазақстан Халық Кеңесі мүшелері студенттермен кездесті. Ашық форматтағы жиында жастарға жаңа қоғамдық институттың мақсаты мен міндеттері түсіндірілді.
Студенттерге Қазақстан Халық Кеңесінің қызметі мен негізгі бағыттары таныстырылды. Кездесу барысында қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайту, азаматтық бастамаларды қолдау және жастардың қоғамдық өмірге белсенді араласуы жөнінде сөз болды. Жиынға Халық кеңесінің мүшелері мен облыс әкімінің орынбасары Айдар Садырбаев қатысып, студенттердің сауалдарына жауап берді.
Айдар Садырбаев, Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары:
Жалпы мынаны түсіну керек Қазақстан халық кеңесі конституциялық мәртебесі бар, бірегей институт, оның міндеті бір сөзбен айтқанда бұқаралық пен биліктің арасында алтын көпір болу. Сол себептен Қазақстан халық кеңесінің, оның мүшелерінің арқалаған аманат жүгі ауыр.
Қатысушылар қоғамдық келісім мен тұрақтылықты сақтау, халық пен билік арасындағы өзара байланысты нығайту бағытындағы жұмыстарға тоқталды.. Мұндай кездесулер студенттердің елдегі қоғамдық-саяси үдерістер туралы білімін арттырып, азаматтық белсенділігін қалыптастыруға бағытталған.
Вера Правдина, Қазақстан Халық кеңесінің мүшесі:
Бүгінгі шара жастарға Қазақстан халық кеңесі не екенін, оның қандай жұмыс атқаратынын түсіндіру үшін ұйымдастырылп отыр. Халық пен билік арасындағы байланыс қалай орнатылады, мемлекеттің басты мақсаттары қандай деген сұрақтарға жауап беретін боламыз.
Қазақстан Халық Кеңесі – азаматтардың мүддесін білдіретін жоғары консультативтік орган. Оның конституциялық мәртебесі мен өкілеттіктері биыл қабылданған жаңа құқықтық негізде бекітілді. Кеңес заңнамалық бастамаларға қатысу және қоғамның маңызды мәселелерін талқылау бағытында жұмыс істейді.
Денис Рыпаков, Қазақстан Халық кеңесінің мүшесі:
Шығыс Қазақстан облысынан үш адам 126 адамнан тұратын Қазақстан Халық кеңесінің құрамына кірдік.Бұл өте қызық алаң десек болады. Кездесу барысында жастарға Қазақстан Халық кеңесі қандай жұмыспен айналысатынын түсіндіреміз. Бұл кеңес Мемлекет басшысының бастамасымен құрылған халық пен билік арасындағы диалог алаңы.
Студенттермен өткен мұндай кездесулер жаңа қоғамдық институттың жұмысын жастарға түсіндіруге және олардың ұсыныстары мен сұрақтарын ашық алаңда талқылауға мүмкіндік береді.Алдағы уаықтта да осындай кездесулер өткізу жоспарланған.
Бекарыс Әмірбек