Негізгі Жаңалықтар Әдеп жөніндегі кеңестің отырысы өтті

Әдеп жөніндегі кеңестің отырысы өтті

Облыс орталығында әдеп жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтті. Жиында мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын сақтау мәселелері қаралды. Түскен шағымдар мен тәртіптік істер талқыланып, тиісті шешімдер қабылданды. 

Кеңес отырысына БАҚ өкілдері мен бірқатар басқарма басшылары қатысты. Жиын барысында мемлекеттік мекемелердің жұмысын жандандыру қажеттігі аталып өтті. Осы бағытта жауапты тұлғаларға ескертулер беріліп, нақты ұсынымдар жасалды.

Ержан Айқымбеков, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің ШҚО бойынша департаментінің басшысы:

Төрт профилатикалық сұрақтар, 2 тәртіптік іс қаралды. Бірінші сұрақ – ШҚО Білім басқармасы басшысының сыбайлас жемқорлыққа қатысты заңнамалардың сақтауы туралы жөніндегі есебі тыңдалды. Глубокое ауданының сәулет-құрылыс басшысына қатысты тәртіптік іс қаралды. Тиісті сұрақтар бойынша ұсыныстар әзірленіп, орындаушы мемлекеттік органдарға жолданатын болады. 

Жиын қорытындысы бойынша барлық ұсынымдар тиісті деңгейде қаралып, орындалуы бақылауға алынды. Мамандардың айтуынша, мұндай профилактикалық жұмыстар мемлекеттік қызметшілер арасында әдеп мәдениетін арттырып, тәртіптік құқықбұзушылықтардың алдын алуға ықпал етеді.

Фатима Тілейханқызы


Бөлісу