Орман қорын сақтау және қалпына келтіру
Шығыс Қазақстан облысы – еліміздегі орманды алқабы мол өңірлердің бірі. Мұндағы орман қорының аумағы 3 миллион гектарды құрайды. Бұл – облыс аумағының 30,9 пайызы. Өңірде орманды қалай қалпына келтіреді, жаңа ағаштар қалай отырғызылады және олардың жерсінуі қалай бақыланады? Бұл туралы келесі сюжетте.
Өңірдің ормандылығы 16,5 пайызды құрайды. Орманды қалпына келтіру – орман шаруашылығының негізгі міндеттерінің бірі. Бұл ретте мамандар отырғызылған ағаштардың санын ғана емес, олардың жерсіну көрсеткішін де бақылайды. Орта есеппен бұл көрсеткіш 60 пайыздан асады.Биыл күзгі кезеңде 1,8 мың гектар аумаққа 7,3 миллион көшет отырғызу жоспарланған. Қазір жұмыстар басталып кетті. Өңірде шырша, қарағай, балқарағай, қайың және терек көшеттері отырғызылуда.
Мерхат Әміров, ШҚО Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары:
Бүгінгі таңда мемлекет басшысының 2021-2027 жылға арналған 2 миллиард ағаш отырғызу кешенді жоспарына сәйкес біздің облыста 76 миллион көшет отырғызылу жоспарланған. Соңғы бес жылда 40 миллион ағаш егілді. Ол жоспар толық орындалды. Биылғы жылы 3 мың 300 гектарға 17,5 миллион дана көшет отырғызылады.Көктемгі жұмыстар барлығы аяқталды. Қазір күзгі егу жұмыстары жүргізілуде. Бұл жоспарды біз осы қазан айында аяқтаймыз.
Орман қорғау мекемелері қажетті отырғызу материалдарымен қамтамасыз етілген. Көшеттердің өзі тікелей өңірде өсіріледі. Облыстағы 13 орман шаруашылығында 30 орман тәлімбағы жұмыс істейді. Оның 8-і тұрақты болса, 22-сі уақытша тәлімбақ.Бұл орманды қалпына келтіру жұмыстарын жергілікті жерде өсірілген көшеттермен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Таулы аумақтарды қалпына келтіру және сақтау тәжірибесі бүгінде ірі туристік жобалар үшін де маңызды. Мысалы, Алматыдағы Көк-Жайлау шатқалында Almaty SuperSki жобасы жүзеге асырылуда. Бұл – қыста тау шаңғысы трассалары, ал жазда треккинг және белсенді демалыстың басқа да бағыттары ұсынылатын жыл бойы жұмыс істейтін тау курорты.
Бекарыс Әмірбек