Облыс орталығында үздік спортшылар марапатталды. Өткен жылы халықаралық және республикалық додаларда топ жарған өңірдің грек-рим, еркін күрес шеберлері құрметке бөленді. Салтанатты шара жыл сайын ұйымдастырылады.

Марапаттау рәсіміне облыс әкімінің орынбасары Ербол Нұрғалиев, өңірдің дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Асқар Можанов, «Казцинк» ЖШС әкімшілік мәселелер жөніндегі басқарушы директор Андрей Лазарев және ШҚО грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясының президенті Марат Мұзапаров арнайы қатысып, үздік спортшыларды құттықтады. Ел намысын айтулы додаларда абыроймен қорғап, өңірдің мерейін үстем еткен спортшыларға қаржылай сертификаттар мен бағалы сыйлықтар табысталды.

Шара аясында жаттықтырушылар мен төрешілерге арналған семинар ұйымдастырылды. Ал ұлттық құрама сапында өнер көрсететін спортшылар жас балуандарға шеберлік сағатын өткізді.

Жиын соңында спортшылар алдағы жоспарларымен бөлісіп, облыс басшылығына көрсеткен қолдаулары үшін алғыс білдірді.