ШҚО ТЖД автопаркі 65 жаңа техникамен толықты. Жаңа көліктердің кілтін Өңірге келген Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі генерал-майор Шыңғыс Әрінов табыс етті. Салтанатты шараға аймақ басшысы Нұрымбет Сақтағанов қатысты. Республика алаңында өткен жиында бірқатар қызметкерге қызметтік пәтер де берілді.

Облыстық ТЖД автопаркі жоғары өтімділікке ие өрт сөндіру машинасымен, жедел-құтқару және арнайы көмекші техникамен толықты. Бұл көліктер аймақтың күрделі географиялық және климаттық жағдайында оқиға орнына жедел жетіп әрі тиімді әрекет етуге жол ашады.

Салтанатты шарада құтқарушыларға қызметтік пәтердің кілті табысталды. Бұл бастама құтқарушылардың әлеуметтік жағдайын арттыруға бағытталған.

Бұдан бөлек, аймақ басшысы мен ТЖ министрі өңірдегі бірнеше маманды марапаттады.