Өскемендегі 20-шы шағын аудан тұрғындары Ұлыстың ұлы күнін ерекше атап өтті. Мерекеге орай ұлттық ойын түрлерінен сайыс ұйымдастырылып, наурыз көже таратылды. Береке-бірлігі жарасқан тұрғындар жайлы әріптесім рет-ретімен.

Бұл мерекенің басты ерекшелігі – оны ұйымдастыруға еңбектеген баладан, еңкейген қарияға дейін атсалысқан. Тұрғындар киіз үй тігіп, ұлттық ойындар мен мәдени шара ұйымдастырды.

Киіз үйдің алды нағыз мерекелік алаңға айналды. Будақтаған самауырдың иісі, сахнада шырқалған әсем әндер – бәрі де Наурыз думанының сәнін келтірді. Ауданның құрметті ақсақалдары жиналған халыққа ақ батасын беріп, ізгі тілектерін арнады.

Мерекеге орай наурыз көже мен ұлттық тағамдар тұрғындарға тегін таратылды. Бұдан бөлек, гір, қой көтеру, қол күрес сынды спорт түрлерінен жарысұйымдастырылып, жеңімпаздарға сыйлықтар табысталды.