Облыс орталығында «Pro Hokei Ligasy» аясындағы кезекті ойындар өтті. Өскемендік «Торпедо» өз алаңында көкшетаулық «Арлан» құрамасымен кездесті.Тартысқа толы ойынды арна тілшілері де тамашалап қайтты.


Финалдық кездесуге жиылған жұрттың қарасы қалың. Алаң иелерін қолдауға Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов та келді. Ал жанкүйерлердің үміті сол – жерлестерін жеңіс тұғырынан көру.


Кездесудің алғашқы минуттарынан-ақ «Арлан» командасы шабуылын үдетіп, есепті 3:0-ге жеткізді. Осыдан кейін ғана «Торпедо» ес жиғандай болды. Матчтың соңғы кезеңінде «Арлан» қақпасына шабуылдаған өскемендіктер есеп айырмасын бір шайбаға дейін қысқартты. Соңғы кезеңнің бітуіне санаулы минуттар қалғанда «Торпедо» екінші голын соқты. Десе де, қорытынды есеп 2:3 «Арланның» мерейі үстем болды.


Келесі кездесу сейсенбі күні өтеді. «Торпедо» жанкүйерлері жергілікті құраманы әр уақытта қолдауға дайын екендіктерін айтады.