Өскеменде ата-аналар арасында волейбол турнирі өтті. Турнирді қалалық білім бөлімі ұйымдастырды. Биыл тұңғыш рет өткен додадаға 25 құрама қатысып, өзара кім мықтыны анықтады.
Жарыстың мақсаты – ата-аналар арасындағы бірлікті арттырып, салауатты өмір салтын насихаттау. Сайысқа қатысқан әр команда жеңіс үшін барын салып, өз мектептерінің намысын қорғады.
Ұйымдастырушылар турнирді дәстүрлі түрде өткізуді жоспарлап отыр. Бұл жолғы додаға 300-ге жуық ата-ана жиналды.
Жарыс қорытындысы бойынша үшінші орын №48 мектептің ата-аналарына бұйырды. Екінші орынға №49 мектептің құрамасы жайғасты. Ал №46 мектеп турнир жеңімпазы атанды.