Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінде қаржылық қауіпсіздік бойынша ұлттық олимпиада аясында студенттерге арналған семинар өтті. Шара аясында жастарды алаяқтардан қорғану тәсілдерін үйренді.

Семинар барысында қаржы пирамидаларының қаупі, жеңіл табыстың салдары және ондай жағдайлардан шығу жолдары кеңінен түсіндірілді. Мамандар нақты мысалдар келтіріп, студенттермен ашық диалог форматында жұмыс істеді. Семинарға облыс әкімінің орынбасары Ербол Нұрғалиев қатысып, қаржылық сауаттылықтың маңыздылығына тоқталды. Оның айтуынша, бұл – Мемлекет басшысы айқындаған басым бағыттардың бірі. Әрі осындай жобалар жастардың саналы шешім қабылдауына көмектеседі.

Соңғы жылдары қаржы пирамидалары мен алаяқтыққа қатысты заңбұзушылық деректері. Экономикалық тергеп-тексеру департаменті басшысының орынбасары Жасұлан Дәукеновтың мәліметінше, биыл елде он бір қаржы пирамидасы анықталған.

Университет ректоры Сауле Рахметуллина да бұл семинардың Ұлттық олимпиадаға дайындықтың маңызды бөлімі екенін айтады. Апта бойы үздік мамандар студенттерге дәріс оқып, тәжірибелерімен бөліседі.

Шара барысында интерактивті ойындар ұйымдастырылып, студенттер өз білімдерін тексеруге мүмкіндік алды. Бүгінде мұндай семинарлар еліміздің барлық өңірінде өткізіліп жатыр.