Облыс әкімі Нұрымбет Сақтағановтың қатысуымен Қазақстан халқы Ассамблеясы кеңесінің отырысы өтті. Жиынға Достық үйі, этномәдени бірлестіктер, Ассамблеяның қоғамдық институт өкілдері қатысты. Отырыс барысында республикалық сессияға қатысатын ШҚО делегациясының құрамы мен өңірлік деңгейде өтетін мерейтойлық шаралар жоспары талқыланды.

Облыс әкімі өңірдегі ҚХА бастамалары бүкіл ел бойынша сәтті жүзеге асып жатқанын тілге тиек етті. Мәселен, республика бойынша Достық үйі — қоғамдық келісім орталығы Өскеменде алғаш рет ашылған. Бұл бастама кейін басқа өңірлерге де үлгі болды. Өзге ұлт өкілдерінің мемлекеттік тілді меңгеруі жақсы үрдіс.

Облыста жастардың бастамалары сәтті жүзеге асырылуда. Солардың бірі ҚХА жастар және балалар театры болды. Биыл ҚХА мерейтойына арналған шаралар аясында Астанада, Павлодар, Абай облыстарында театрға гастрольдік сапарлар жоспарланған.

Бұдан бөлек, "Ассамблея жастары" лагерін жыл сайын өткізу аймақ үшін маңызды шара. Облыс әкімі Қазақстан халқы Ассамблеясының барлық бастамалары мен жобалары ҚР Президентінің тапсырмаларына сәйкес жүзеге асырылатынын атап өтті.