ҚР Конституциясына 30 жыл толуына орай С.Аманжолов атындағы ШҚУ халықаралық ғылыми – тәжірибелік конференция өтті. «Конституциялық заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету-құқытық мемелекеттің тұрақты дамуының кепілі ретінде» тақырыбына арналған жиын мақсаты – конституциялық құндылықтарды зерделеп, оны қоғам игілігі үшін тиімді пайдалану жолдарын түсіндіру.

Конференция барысында құқық қорғау органдарының өкілдері мен жоғарығы оқу орынының оқытушылары өзара пікір алмасты. Ал Астанадан арнайы келген заң ғылымдарының докторы Сара Идрышева Қазақстандағы 2022 жылғы конституциялық реформа және оны жүзеге асырудың кейбір аспектілері тақырыбында баяндама жасап, өз ойын ортаға салды.

Ал Бас прокурордың кеңесшісі Талғат Адамов елдегі негізгі құжатта, яғни, Конституцияда Қазақстан Республикасының ең қымбат қазынасы адам мен оның өмірі және құқықтары мен бостандықтары болып табылатындығын жеткізді. Осы сияқты шаралардың қоғам үшін маңызы зор,- деді.

ҚР Конституциялық сот төрағасының орынбасары, заң ғылымдарының кандидаты Бақыт Маратұлы өз сөзінде елімізде төрт ауқымды конституциялық реформа жүргізілгенін атап өтті. Оның ішінде 2022 жылы Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асқан реформаға ерекше тоқталды. Себебі, оның нәтижесінде – Конституциялық сот құрылды.

Халықаралық конференцияның мақсаты - конституциялық құндылықтарды жан-жақты талдап, қолданысқа енгізу. Ал жиын барысында ұсынылған пікірлер азаматтардың құқықтарын қорғау мен құқықтық мәдениетті артыруға негіз болмақ.