Ұлан ауданы Привольное ауылында 1300 адамға қызмет көрсететін медициналық орталық қайта жөндеуден өтті. 2015 жылы салынған әлеуметтік нысан заман талабына сай қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген. Бұл жұмыс ауыл халқының игілігі үшін жасалған оң бастама болды.

Ауылдағы медициналық орталыққа жөндеу жұмыстары маусым айында басталған. Мердігер барлығын жоспарға сай уақтылы аяқтады.

Рашид Епифанов, мердігер:

Нысанды қабылдап алған кезде дәліздегі еден құлап жатты. Технологияға сәйкес, еденді құйып, тегістедік. Жылы еден салдық. Қабырғаларына қайта жөндеу жасадық. Жобада сөрсетілген төбені жуылатын бояумен боядық, емшара кабинеттеріне кафель жапсырдық. Электр желілері ауыстырылды. Жылу жүйелері жаңартылды.

Бұл орталық көршілес жатқан екі ауыл халқына қызмет көрсетеді. Привольное және Митрофановка ауылының тұрғындары осы медициналық орталыққа келіп қаралады.

Қаракөз Тоқтарқызы, аудандық аурухана бас дәрігерінің орынбасары:

Бұл дәрігерлік амбулаторияда екі ауылдың 1000 аса тұрғынына қызмет көрсетеді. Мұнда балаларда ем қабылдайды. Дәрігер, 2 медбике бар. Арнайы көлік те қарастырылған.

Жергілікті халық алғашқы медициналық көмек көрсететін аурухананың жұмысы қайта жанданғанына дән риза.

Жанна Арипова, ауыл тұрғыны:

Бұл біз үшін өте қуанышты жағдай. Бұған іс қосқан барлық жұмысшыларға аудан әкіміне, ауыл әкіміне ризашылығымыз мол. Рахмет сіздерге. Бізді ойлап, бізге осындай жақсылық жасап жатқандарыңызға.

Жаңа амбулатория ауыл тұрғындарына сапалы медициналық көмек көрсетуге мүмкіндік береді.


Салтанат Кеңесбекқызы