Облыс орталығында тағы бір бассейн күрделі жөндеуден кейін қолданысқа берілді. Нысан 2020 жылы қалалық әкімдіктің шешімімен «Самғау» мәдениет пен бұқаралық спортты дамыту орталығының қарамағына берілген болатын.
Бұған дейін мұнда 230 бала 16 оқу тобында жүзу сабақтарына қатысқан. Биыл жүргізілген жөндеу жұмыстары аясында ғимарат толығымен жаңартылды.
Елдос Икиманов, мердігер:
Қазір технический запуск болып жатыр. Бассейн құрал-жабдықтарының бәрін жаңадан қойдық. Жаңадан бәрін жаңартып, тренажерный зал салып, жаңасын алып, жаңа раздевалка, душевой кабинкалар, медициналық кабинет бәрін жаңарттық.
Бассейн қызметкерлері де жаңартылған нысанға оң бағасын берді. Енді олардың жұмысы жеңілдеп, қызмет сапасы артпақ.
Бақыт Қаламқанқызы, мекеме қызметкері:
Көптен күткен ремонт бітті. Рақмет басшылыққа. Осындай таза, ұқыпты бассейн бізге салып бергеніне. Бұрын іші мынандай жаңа болмаған. Осындай қуаныштымыз бассейн ашып бергеніне. Балаларға да, үлкендерге де көп-көп рахмет айтамын.
Алдағы уақытта бассейнде электронды рұқсат жүйесі мен су тазарту қызметтері енгізіледі. Балаларға арналған қосымша үйірмелер ашылып, спорттық разряд алуға бағытталған дайындық бағдарламалары іске қосылмақ.
Кәусар Идаятқызы