Адам - табиғаттың ажырамас бөлігі. Сондықтан өскелең ұрпақтың бойына экологиялық мәдениет қағидаларын сіңіру маңызды. Ал табиғатты аялау, қоршаған ортаны қорғау дәл осы экологиялық мәдениеттің қалыптасуына негіз болады. Бұл ретте Президент бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» акциясының берері мол. Жыл өткен сайын ауқымы да кеңейіп келеді. Мақсаты айқын акцияның өзге де артықшылықтары туралы экобелсенділер Өскемен жоғары политехникалық колледжі студенттерімен өткен кездесу барысында айтып берді.
Облыста «Таза Қазақстан» акциясы аясында ауқымды жұмыстар атқарылды. Мәселен, ағымдағы жылдың бірінші, екінші тоқсандарында тазалық жұмыстары қолға алынса, енді қалған тоқсандарда ағартушылық жұмыстар жүзеге асырылмақ.
Айдос Әділбеков, облыстық Жастар ресурстық орталығының директоры:
Қазірдің өзінде ШҚО қалалары мен аудандарында 20 астам ағартушылық кездесулер өтті. Бұл кездесулер облысымыздың 3 жоғарғы оқу орыны 30 астап кәсіптік білім беру мекемелерінде, сонымен қатар мектептерде өткізілетін болатын. Өзімізде арнайы бекітілген жоспар бар. Бұл жұмыс облыс орталығында ғана емес, барлық қалалар мен аудандарда жалғасып жатыр.
Жиналғандардың алдында сөз алған экокәсіпкер әрі экобелсенді Людмила Евженкова акцияның негізгі принциптеріне тоқталды. Қоқысты жинау, өңдеу және экологиялық таза өнімді пайдалану туралы өз ойымен бөлісті.
Людмила Евженкова, экобелсенді:
Біз жастарға кездесу барысында «Таза Қазақстан» акциясына қатысудың мүмкіндіктері туралы айттық. Әрбір студенттің осы шараға үлес қосып, өз пайдасын тигізе алатындықтары туралы ақпарат бердік. Таза Қазақстан» акциясы туралы көп адамдар естіген, бірақ осы жұмыстардың барлығын қалай жүзеге асыратынымызды көбі түсіне бермейді.
Бұдан бөлек мұндай кездесулер мен экологиялық шаралардың жастар үшін қаншалықты маңызды екендігі айтылды. Еркін форматта өткен кездесуде өзара сайыс түрінде өтетін эко ойындардың талаптары мен тиімді тұстары туралы студенттерге ақпарат берілді.
Анастасия Черномаз, экобелсенді:
Эко-жарыс кезінде ойыншылар шектеулі уақыт ішінде қоқыс жинап, жүлде ұтып ала алады.. Бұл іс-шараның негізгі мақсаты ойын барысында қалдықтар сұрыпталады. Одан әрі қайта өңдеуге жөнелтіледі. Мұндай іс-шаралар қалада 2023 жылы өткен болатын. Былтыр ұйымдастырылған төрт ойында қала бойынша 4712 келі қоқыс жиналды.
Бекарыс Серікұлы, колледж студенті:
Қоқыстардың барлығын көшеде тастамай қоқыстарға тастау керек. Мен ойлаймын Қазақстанда осының бәрі шешіледі деп ойлаймын. Және Қазақстанды таза ұстау керек. Біз осы таза Қазақстанға екі рет қатыстық. Екі рет қатысқанда бірінші орын алдық. Осы акциячларға, сенбіліктерге қатысып,сол дамытуға үлес қосу керек деп ойлаймын жастар.
Экобелсенділер алдағы уақытта мұндай ойындарды облыстық деңгейде ұйымдастырмақ.
Салтанат Кеңесбекқызы