Өңір аудиторлары 2025 жылға арналған тізбеге сәйкес мемлекет активтерінің пайдаланылуын, жергілікті бюджет қаражатының қаншалықты тиімді жоспарланып, қалай игеріліп жатқанын сараптады. Үлкен Нарын және Қатонқарағай аудандарының жергілікті атқарушы органдары қызметінің экономиканы, әлеуметтік саланы және мемлекеттік басқарудың басқа да салаларын дамыту ықпалын бағалау мақсатында мемлекеттік аудит жүргізді.

Аудитпен Үлкен Нарын және Катонқарағай аудандарының 14 нысаны қамтылды. Атап айтар болсақ екі аудан әкімінің аппараттары, экономиканың негізгі бағыттары бойынша 7 бейінді бөлім, 5 ауылдық округ, оның ішінде екі аудан орталығы тексерілді. Тексеру 2022 жылдан бастап 2025 жылдың 31 мамырына дейінгі кезеңді қамтыды. Осы уақыт ішінде бюджет қаражатының тиімді жұмсалуы және жергілікті даму бағдарламаларының орындалуына баға берілді.

Данияр Қасенов, ШҚО бойынша тексеру комиссиясының мүшесі:

Аудит екі ауданның бөлінгеннен кейінгі қызметінің мықты және әлсіз тұстарын анықтауға бағытталған. Аудитпен 14 аудиторлық нысан қамтылды. Тексеру екі өңірде де дамытуды қажет ететін елеулі туристік әлеуеттің бар екенін анықтады. Ол үшін қонақ үйлер мен демалыс орталықтары, нфрақұрылым қажет. Біз анықтаған кемшіліктер қатарында аудандық және төртінші деңгейдегі бюджеттердің жоғары тұрған бюджеттерге қаржылық тәуелділігінің жоғарылығы сияқты жайттар бар.

Тексеру нәтижесінде екі ауданда құрылысы ұзаққа созылған үш нысан анықталды. Тексеру комиссиясының мүшесі Данияр Қасенов мәселені біржақты ету маңызды, - деді. Жергілікті билік жұмыстарды ағымдағы жылы аяқтауды көздеп отыр. Бұдан бөлек, өзге де кемшіліктер анықталды. Анықталған бұзушылықтарды жою аудандар экономикасын дамытып, әлеуметтің әлеуетін арттыру жұмыстарын жүйелеуде маңызды орын алатыны айтылды.

Расул Қарабалинов, Катонқарағай ауданы әкімінің орынбасары:

Қатонқарағай ауданы бөлінгеннен кейін біздің әкімшілік орталығымыз Катонқарағайға көшті. Сондықтан ауданның қайта құрылуыны байланысты біздің ауылдық округ бөлімдеріне, аудандарға көмек қажет болды. Шығыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясы жүргізген тексеру бюджеттің кіріс және шығыс бөліктерін жоспарлау мен атқаруда орын алған жүйелі қателіктерді және алдағы уақытта оларды түзету жолдарын анықтап берді.

Жиын қорытындысы бойынша Тексеру комиссиясы бұзушылықтарды жою туралы нұсқамалар шығарып, мемлекеттік органдар қызметін жетілдіру бойынша ұсыныстар берді.

Салтанат Кеңесбекқызы, Ирина Санникова