Осыған дейін Қазақстанға келетін туристер үшін цифрлық көмекші қолжетімді екенін айтқан едік. Азаматтардың саяхаты барынша қауіпсіз әрі ыңғайлы болуы үшін оларға арнайы QR-коды бар туристік карталар беріледі. QR-кодты сканерлеген сәтте жолаушы Safe Travel порталына кіре алады. Порталда туристерге қажет мәліметтердің барлығы қамтылған. Өңірде бұл бағыттағы шаралар тұрақты жүргізіліп жатыр.

QR-коды бар жаңа туристік картаның тиімділігін түсіндіру үшін Желілік полиция бөлімінің өкілдері Өскемен – 1 станциясына барды. Олар Ресейден келген пойыз жолаушыларына туристік карта таратты. Қызметкерлер қалаға енді ғана келген шетелдік меймандарға бұл жаңашылдықтың қалай жұмыс істейтінін толық түсіндірді.

Мамандардың айтуынша, туристер көбіне жол қатынасына байланысты сұрақтар қояды. Енді мұндай сұрақтар шешімінің барлығы жаңа QR-карта арқылы қолжетімді, – дейді полицейлер.

Бақытжан Қалымбетов, Өскемен қ. әуежайындағы желілік полиция бөлімшесінің бастығы:

Қазіргі таңда жолаушылар пойызы келіп отыр Ресейден. Сол себепті ІІМ тапсырмасымен QR-коды бар туристік карталар таратудамыз. .... жедел көмек алуларына мүмкіндік береді.

Барлық мәліметтер «Туристік карта» бөлімінде орналасқан. Қосымша саяхаттаушыларға кез келген жерде жылдам бағыт-бағдар алуға, көмек қызметін шақыруға және қажетті ақпаратты табуға мүмкіндік береді.

Фатима Тілейханқызы