Өскемен қаласындағы стратегиялық маңызы бар объектілердің бірінде өрт тактикалық оқу-жаттығуы өтті. Жаттығу талаптары бойынша құбырдың қысымын төмендету нәтижесінде мұнай станциясының аумағына май төгіліп, өрт шықты. Оттың лезде тұтануынан май қоймасы мен қуатты электр жабдықтарына қауіп төнді.
Қызыл жалын мен түтіннен қорғану мақсатында су электр станциясының өрт сөндіру бөлімшелері мен Төтенше жағдайлар департаментінің құтқарушылары тыныс алу жолдарын қорғау құралдарын киді. Оқиға орнында өртті сөндіру штабы құрылып, қауіпті учаскелер анықталды. Мамандар су электр станциясына барлау жұмыстарын жүргізіп, зардап шеккендерді тауып, эвакуациялады.
Мерей Шәріпханов, ШҚО ТЖД жедел кезекшісі:
Оқу – жаттығудың мақсаты өрт сөндіру қызметі мен әкімшілік ғимаратының қызметшілерімен өзара іс-қимылдар пысықталды. Өрт сөндіру оқу-жаттығуға 10 бірлік техника, 50 астам жеке құрам және Өскемен қаласының ГЭС өрт сөндіру бөлімі қатысты. Соның ішінде бүгінгі мақсат жеке құрамның біліктілігін арттырып, осындай объектілерде өрт сөндіруді жоғарлатуына жылдан жылға өткізіліп отырады.
ШҚО ТЖД өрт сөндірушілері мен су электр станциясының қызметкерлерінің үйлесімді іс-қимылы нәтижесінде шартты өрт дер кезінде сөндірілді.
Олег Изотов, «Өскемен ГЭС» ЖШС бас директордың өндіріс жөніндегі орынбасары:
Өртті сөндірудің қиындығы – бұл учаске әр түрлі деңгейлері мен биіктіктері бар шектеулі кеңістікте орналасқан. Демек, өрт сөндірушілер өрт сөндіру жабдықтарын тез арада іске қосып, оны оқшаулау үшін жылдам әрі жедел әрекет етуілері керек. Сонымен қатар станцияның жедел тобымен жұмыс істей білу өте маңызды.
Оқу-жаттығу барысында облыстық Төтенше жағдайлар департаменті мен су электр станциясындағы өрт сөндірушілердің дайындығы мен ынтымақтастығы сыналды. Мұндай оқу-жаттығулар стратегиялық маңызы бар нысандардағы өрт сөндірудің кәсіби шеберлігін және сапасын арттыруға мүмкіндік береді.
Салтанат Кеңесбекқызы, Яна Мумлева