Өскемендегі облыстық мамандандырылған медициналық орталықта қазір үлкен өзгеріс. 40 жылдан бері жөндеу көрмеген аурухана күрделі жаңартудан өтуде. Облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов нысанда болып, атқарылып жатқан жұмыстардың сапасын тексерді.
Жөндеу жұмыстары кезең-кезеңімен барлық бөлімдерде жүргізіледі. Жаңа медициналық жабдықтар да сатып алынып жатыр. Биыл ауруханаға компьютерлік томограф пен видеоэндоскопиялық жүйе орнатылады. Жалпы жабдықтауға 545 миллион теңге қарастырылған. Осы уақыт аралығында урология бөлімі жаңартылып, электр жүйесін ауыстыру толық аяқталды.
Нұрымбет Сақтағанов, Шығыс Қазақстан облысының әкімі:
Қазіргі таңда 6,7 этаж жөнделіп, толығымен бітті. Урология, гинекология бөлімдері. Электр желілері, желдету деген жұмыстардың барлығы толығымен бітті. Енді тек стационар ғимараты жұмыстары жүргізілуде. Кезең-кезеңімен барлық жұмыстар келесі жылдың 1- тоқсанында аяқталуы керек.
Жергілікті бюджеттен 100 жаңа медициналық кереует алуға 50 миллион теңге бөлінген. «Қазцинк» компаниясының демеушілігімен гинекология бөлімі де заманауи келбетке енді.
Қазіргі таңда урология бөлімшесінде 50 пациент ем алып жатыр. Орталық жаңа кейіпке енгеннен бері мұндағы жағдай да жайлана түскен.
Аслан Нұрғалиев, урология бөлімінің меңгерушісі:
Жаңадан оталар жасап жатырмыз. Бізді бөлімде рентген аппараттың көмегімен жасалатын операциялар бар. Олар жоғарғы дәрежелі, жоғары санатты операциялар. Олар мына бүйректі кепсей, тілмей, жыныс мүшелері арқылы жасалынатын эндоскопиялық операциялар. Мұндай операция жасайтын Қазақстанда 3 ақ жер бар.... біз дайынбыз осы ременонттық жұмыстардың арқасында.
Жаңарып жатқан орталық енді өңір тұрғындарына сапалы медициналық көмек көрсетудің жаңа деңгейіне көтерілмек.
Фатима Тілейханқызы