Үлкен Нарын ауданында жылу желілерін жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. «Нарын КомХоз Сервис» мекемесі Огнёв көшесіндегі негізгі желілерді қайта қалпына келтіріп, екіқұбырлы жылу трассасының 360 метрлік бөлігін жаңартуда. Жауапты мамандардың айтуынша, бұл жұмыстар 10 қазанға дейін толық аяқталады.

Қазіргі уақытта «Нарын КомХоз Сервис» мекемесі Огнёв көшесіндегі негізгі жылу желілерін қайта қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Жөнделіп жатқан құбырлар жалпы аумағы мың шаршы метр болатын бес көпқабатты тұрғын үйді жылумен қамтамасыз етеді. Жоба аясында ескі желілер толық жаңартылып, жаңа құбырлар орнатылады.

Марат Сүлейменов, «Нарын КомХоз Сервис» КМҚК директоры:

Тұрғындардың өтінішін ескере отырып, аудан әкімдігімен бірлесе отрып бес үйге жылу желілерін жүргізу туралы шешім қабылдадық. Қазір жұмыстар жүріп жатыр, барлық материалдар сатып алынды. 10 қазанға дейін толығымен аяқтаймыз деп жоспарлап отырмыз. Сол кезде тұрғындарға толықтай жылу берілетін болады.

Жұмыс барысы аудан әкімдігінің бақылауында. Барлық кезеңдер күн сайын қадағаланып отыр. Басты мақсат - жұмысты сапалы орындап, тұрғындарға уақытылы жылу беру.

Дәулет Маратбеков, Үлкен Нарын ауылдық округінің әкімі:

Осы жерде 5 екіқабытты үй тұрғын бар болытын. Тұрғылықты тұрғын үй иелері өтініш түсіріп, содан бүгінгі таңжа жылуды тартып жатырмыз. Бұл жерде жұмыстарды күнделікті қадағалаудамыз. Мекеменің есебінен жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Тұрғындар үшін бұл жаңалық үлкен қуаныш болды. Көп жылдан бері күткен орталық жылу жүйесінің жүргізілуі - олардың өмір сапасын айтарлықтай жақсартады. Үй иелері енді қыс мезгілін алаңсыз қарсы алатындарын айтады.

Роза Ошақпаева, аудан тұрғыны:

Бұл жаққа көшіп келгенімде, үйде пеш тұрғанын көріп таңғалдым. Бірақ соған қарамастан, бұл пәтерді сатып алдым, өйткені жылу жүргізілетініне сенімді болдым. Енді бәрі қуанып жүр, себебі орталық жылу келеді деп ешкім ойламаған еді.

Жөндеу жұмыстарының толық аяқталуы нәтижесінде бес екіқабатты тұрғын үй тұрақты жылумен қамтылмақ. Бұл аудан тұрғындарының тұрмыс сапасын арттыруға бағытталған маңызды қадам.

Бекарыс Секен