Ұлан ауданына қарасты Қасым Қайсенов кентінде жұмысшы мамандықтар жылы аясында ашық есік күні өтті. Шараға мұрындық болған №10 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері. Білікті мамандар мектеп оқушыларына арнайы техникаларын көрсетіп, құрал-жабдықтарын таныстырды.
Шараның мақсаты-жас буынға өрт сөндіруші мамандығының маңыздылығын насихаттау. Оқушыларға кәсіптік бағыт-бағдар беру. Бұл кездесуде білім алушылар төтенше жағдай қызметінің жауынгерлік дайындығын тамашалады. Автокөліктеріне отырып, құтқару құралдарын қолмен ұстап көрді.
Айзере Қуандықова, мектеп оқушысы:
Бізге өте ұнады. Менің сыныбымнан 10 а сыныбынан 10-15 бала келген болатын. МЧС жарысына қатысып, мысалы ұлдар жаттығу жасап, қыздар өрт сөндірушіге көмектесіп, медициналық көмек жасаған болатынбыз.
Жандос Қайсаров, мектеп оқушысы:
Өрт сөндірушілердің базасын көрсетті. Маған ұнағаны өрт сөндірушінің машиналары. Жаңадан келген камаз машинасы. Өрт сөндіретін көмектесуге келетін машиналар кішкентай. Өрт сөндірушілердің киімдері ұнады. Экипировкасы бәрі күшті. Олардың жұмыстарын бағалаймын.
Ашық есік күніне 100-ден астам жоғарғы сынып оқушылары мен мұғалімдер қатысты. Жалпы № 10 өрт сөндіру бөлімінде 32 қызметкер бар. Олар биыл 30 игі іске өз үлестерін қосқан. Мекеме басшысы Ерікжан Дәлібаев құтқарушыларға қойылатын талапты да тілге тиек етіп өтті.
Ерікжан Дәлібаев, Қ.Қайсенов кенті № 10 өрт сөндіру бөлімінің басшысы:
Азамат ҚР азаматы болуы керек. 18 жасқа толған болуы керек. Арнайы дайындықтар болады. Міндетті орташа білім болуы керек. Техникалар 100 % биылғы жылы жаңартылды. Ең негізгі автокөліктер бар, қосымша көліктер келді қазір оларды көрсетеміз.
Шара соңында оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, өрт сөндірушілердің тәжірибесінен мол ақпарат алды.
Гүлдана Айдарқызы