Облыс орталығында «Жастар Рухы ЖҚ еріктілері «Вандализмге жол жоқ» экологиялық акциясын өткізді. Шараның мақсаты – табиғи аймақтардың әсем келбетін сақтау және жастар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру. Бұл бастама «Таза Қазақстан» акциясы аясында ұйымдастырылды.
Шара барысында жастар белгіленген аумақты қоқыстан тазартты. Табиғатты қорғауға бағытталған мұндай шаралар қоғам назарын өзіне аударып, экологиялық мәдениетті арттыруға мүмкіндік береді.
Қорлан Туғамбаева, «Жастар Рухы» ЖҚ ШҚОФ Төрағасы:
Осы вандализм мәселесі өте қатты өршіп тұр, өзекті болып тұр. Себебі соның салдарынан біздің түрлі тарихи, мәдени ескерткіштеріміз. Сәлет, құрылыс жалпы табиғатымыз, қоршаған ортамыз өте үлкен зардап шегуде. Жалпы біздің президентіміздің «Адал азамат» тұжырымдамасы бойынша ең маңызды қасиеттің бірі ол өзінің еліне, жеріне деген сүйіспеншілік, қамқоршылық болады. Сондықтан біздің Жастар рухының екі жыл көлеміндегі басты бағыттарымыздың бірі осы вандализмге жол жоқ акциясы аясында қарапайым халықты тұрғындарды, қоғамды, жастарды өз отанын сүйіспеншілікпен қарап қастерлеуге шақыру болып табылады.
Экологиялық шараға 50-ден астам азамат қатысып, табиғатты қорғау ісіне өз үлесін қосты. Акцияға облыстық және қалалық мәслихат депутаттары, қоғам белсенділері мен ТЖД қызметкерлері де атсалысты. Шараны ұйымдастырушылардың бірі – Вячеслав Орлов.
Вячеслав Орлов, Өскемен қ. Әкімдігіне қарасты «Жігер» жасөспірімдер клубының қосымша білім беру педагогі:
Бұған дейін біз отбасымызбен бірге «Таза Қазақстан» акциясына қатысып, Катоқарағай мен Марқакөл өңірінде бірнеше аумақты тұрмыстық қатты қалдықтардан тазартқан болатынбыз. Бастаманы «Аманат» партиясы қолдап, Согра кентінде ауқымды шара ұйымдастырдық. Мұнда колледж студенттерімен, еріктілер және қала белсенділерімен бірге үш командаға бөлініп, жарыс ұйымдастырдық. Мақсат жастарды табиғатты аялауға баулу.
Өңір жастары бұл бастаманы жоғары бағалап отыр. Олар табиғатты сақтау – әр азаматтың ортақ парызы деген пікірде.
Диас Талғатұлы, «Жастар Рухы» ЖҚ ШҚОФ мүшесі:
Мен жастар рухы жастар қанатының эко белсендісі болып келемін. Кеше қана біз Қызылорда облысында роуд эстофентаны аяқтап, Өскеменге келдік. Көріп тұрғандарыңыздай вандализмге жол жоқ акциясы аясында осыдай жазуларды өшіріп, айналадағы қоқысты жинап, бастамамызды ары қарай жалғастырып жатырмыз.
Әділ Таенов, «Жастар Рухы» ЖҚ ШҚОФ мүшесі:
Біз мұнда тау-тастағы суретті мен қоқыстардан тазартуға келдік. Бұған дейін сенбіліктерге қатысып жүретінбіз. Осы жартастарда жылына бір рет шыңға өрмелеуден республикалық жарыстар ұйымдастырылады. Яғни бұл тау біздің қаламыздың көркі. Сол себепті туристік әлеуетті арттыру үшін осы акцияға қатысудамын. Бұл біздің болашағымыз үшін маңызды қадамдардың бірі.
Акция нәтижесінде қатысушылар жүзден астам жазуды өшіріп, тау бөктерін мұнтаздай етті. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл бастама мұнымен шектелмейді. Алдағы уақытта облыс орталығының өзге аудандары мен ауылдық округтерінде өзінің игі жалғасын табады.
Нұртас Қайролдаев