Жыл басынан бері облыстағы тұрғын үй секторында 427 өрт болған. Оның 150-і электр аспаптары мен жабдықтарын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамау салдарынан орын алған. Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары сараптама жүргізіп, өрттің шығуына себеп болатын негізгі белгілерді атап өтті. Осылайша, электр құрылғыларын қолданар алдында нұсқаулықты мұқият оқып шығу, ақауы бар розеткаларды қолданбау, желіні шамадан тыс жүктемеу және жабдықтың жұмыс талаптарын сақтау аса маңызды екендігі айтылды.
Марина Лискова, ШҚО ТЖД баспасөз хатшысы:
ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары азаматтардан қауіпсіздік шараларын сақтауды сұрайды. Үйден шығарда электр құралдарын тоқтан ажыратып, электр жүйесіне шамадан тыс жүктеме түсірмеуге қырағы болу маңызды. Өрт болған жағдайда дереу 112 нөміріне хабарласыңыз.