Өскеменде Шығыс Қазақстан құтқарушылары оқу-жаттығу барысында өрт сөндірудің тың тәсілін қызмет барысында қолданды. Жаттығу жоспарына сәйкес мамандар тұрғын үйден азаматтарды эвакуациялау, алғашқы көмек көрсету және заманауи құрылғыларды қолдану кезеңдері пысықталды. Жаттығу ТЖД-30 жылдығына орай ұйымдастырылған.

Оқу-жаттығу жоспарына сәйкес алтыншы қабаттағы пәтер өртке оранды. Зардап шеккен азаматтарға құтқарушылар бірден көмек көрсетті.Арнайы техника арқылы тұрғындар эвакуацияланды.Қауіпсіз аймаққа жеткізіллді. Ал дәрігерлер алғашқы медициналық көмек көрсетті.

Жаттығу барысында «Vario» қондырғысы мен «Toyota Hilux» базасындағы жылжымалы штаб сынақтан өткізілді.Ал спутниктік және бейнебайланыс арқылы жағдай диспетчерлік орталықпен тікелей бақыланды. Мамандардың айтуынша, техниканың бұл түрі төтенше жағдайда әрекет ету уақытын қысқартып, қауіпсіздікті арттыруға мүмкіндік береді.

Нұртас Қайролдаев