Франция елі Шығыс Қазақстанмен ынтымақтастықты нығайтпақ. Француздар өңірдің экономикалық әлеуетіне жоғары баға беріп, болашақта туризм, су ресурстары, агроөнеркәсіптік кешен саласында жоғары сапалы тұқым материалдарын пайдалануда және мал шаруашылығында бірлескен жобаларды жүзеге асыруға ниетті. Бұл туралы Францияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Сильван Гиогемен облыс әкімі Нұрымбек Сақтағановтың кездесуі барысында талқылады.

Кездесуде Францияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Сильван Гиоге өңірге үшінші рет келіп тұрғанын айтты. Сонымен қатар бірнеше француз компанияларының облыста бірлескен жобаларды жүзеге асыруға қызығушылық танытып отырғандығын жеткізді. Әсіресе, су ресурстарын басқару, жылумен қамту, денсаулық саласы мен туризмге қатысты ойларын ортаға салды.

Сильван ГИОГЕ, Францияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі:

Шығыс Қазақстан – Қазақстанның өте әдемі аймағы. Біз бұл өңірдің туристік әлеуеті жоғары деп білеміз. Мәселен, Пума сияқты ірі компаниялар бар. Олар негізінен қалалық аспалы жол, таудағы аспалы жол құрылысымен айналысады. Бұдан бөлек тау станцияларын, соның ішінде қысқы станциялардың жұмысын жүргізеді. Сондай-ақ, мен Aкор компаниясы туралы айтсам. Олар қонақүй бизнесін жүргізеді. Олардың Қазақстанда, Алматы мен Астанада қонақүйлері бар.

Өңірдің туристік әлеуеті жоғары. Бұл ретте атқарылған жұмыс, жүзеге асқан жобалар да көп. Сондықтан салаға серпін беретін тиімді жобаларды жүзеге асыру өңір экономикасы үшін тиімді.

Нұрымбет Сақтағанов, Шығыс Қазақстан облысының әкімі:

Сондай-ақ туристік салада, қонақүй бизнесі, аспалы жол құрылысын қолға алуды жоспарлап отырмыз, Сондықтан Нұрсұлтан Шаттықұлы, осы мәселені талқылап, бізге түскен басқа ұсыныстармен салыстырып, ұсынысыңызды білдірсеңіз.

Мемлекет басшысының тапсырмасымен облыстың екі ауданында жаңа әуежай салынып жатыр. Осы ретте кездесуге келген француздық компания өкілі өңірдің авиациялық құрылымына арналған жобаларды бірлесе жүзеге асыруға ниетті екендігін жеткізді.

Александр Савельев, «Airbus Helicopteres Kazakhstan» ЖШС коммерциялық директоры:

Бір қозғалтқышты тікұшақ. Бұл рекорд жасаушы. Ол жоғары биіктікке ұша алады және өзге де миссияларды орындауға тиімді. Соның ішінде медицина саласында, тасымалдау және геологиялық барлау жұмыстарында да қолданылады. Тәжірибе көрсеткендей, бұл әсіресе ШҚО үшін қажетті әуе көлігі.

Кездесу соңында аймақ басшысы салалық басқарма өкілдеріне ұсыныстарды жан-жақты қарастыруды тапсырды.

Салтанат Кеңесбекқызы