Өскеменде №40 мектептің оқушылары «Жас Бүркіт» әскери-патриоттық ұйымының қатарына қабылданып, ант қабылдады. Салтанатты рәсім ҚР ҰҰ «Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты 5518 әскери бөлімінің базасында ұйымдастырылды.
Шараның мақсаты – жас ұрпақ бойына Отанға деген сүйіспеншілікті, тәртіп пен жауапкершілікті қалыптастыру. Салтанатты шараға әскери бөлімнің жеке құрамы, ардагерлер және ұстаздар қауымы қатысты.
Алтынай Ринатқызы, «Жас Бүркіт» ұйымының мүшесі:
Біз үшін бұл қабылдаған ант өте үлкен мәртебе әрі жауапкершілік деп білемін. Отанды сүю және қорғау біздің борышымыз деп білеміз.
Салтанатты рәсім кезінде әскери бөлім басшылығы жас өрендерге арнайы куәліктер мен бас киімдер, әскери формаларын табыстады. Сондай-ақ, арнайы мақсаттағы бөлімше мамандары мектеп өкілдеріне әскери туды және клубтың рәміздерін тапсырды.
Жалғас Бақытжан, ҚР ҰҰ «Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты 5518 ә/б тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі командирінің м.у.а.:
Ұлттық ұланның 5518 әскери бөлімінде №49 жалпы білім беретін мектептің әскери патриоттық «Жас бүркіт» ұйымының мүшелері ант қабылдады. Бұл біздің әскери бөлім үшін ерекше күн. Жас ұрпақтарымыз өзінің Отанына деген сүйіспеншілігін білдіріп, анттарын қабылдады.
Салтанатты шара барысында жас патриоттар алғашқы әскери дайындықтарын көрсетіп, елге адал қызмет етуге серт берді. Бүгінде «Жас Бүркіт» клубтары еліміздің көптеген мектептерінде бар. Арнайы ұйым жастар арасында отансүйгіштік рухты насихаттап келеді.
Фатима Тілейханқызы