ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің 30 жылдығына орай шығыстағы БАҚ өкілдері мен колледж студенттері ерекше шараға қатысты. Өңірдегі салалық департаменттің ұйытқы болуымен ұйымдастырылған шарада журналистер қауымы кедергілерден өтіп, түрлі тапсырмаларды орындады.
Құтқарушы болу оңай емес. Мұнда әр секунд маңызды рөл атқарады. ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің 30 жылдығына орай ұйымдастырылған шарада тілшілер қауымы арнайы тапсырманы орындады. Журналистер алдымен үйінді астында қалған азаматтарды құтқарып, өртті сөндірді. Биік ғимаратқа шығып, зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсетті.
Марина Лискова, ШҚО ТЖД баспасөз хатшысы:
Өңірдегі БАҚ өкілдері шара аясында құтқарушылардың бір күндік жұмысымен танысты. Оқыс оқиға салдарынан зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсетті. Әріптестерімен бірлесе қызмет етудің қыр-сырын меңгерді.Сала маманы ретінде айтарымыз, қатысушылар сынақтан сүрінбей өтті.
Құтарушы болу - тек дене дайындығын ғана қажет етпейді. Бұл жандар аз уақыт ішінде жағдайды бақылауға алып, зардап шеккен азаматтардың қорқынышын жеңуіне көмек бере алуы тиіс.
БАҚ өкілдері оқу-жаттығу шарасын ұйымдастырған облыстық ТЖД-не алғыс білдірді.
Нұртас Қайролдаев