Қоғам тыныштығы мен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету – тәртіп сақшыларының негізгі міндеттерінің бірі. Азаматтардың келеңсіз жайтпен бетпе-бет келуін алдын алу мақсатында өңірде «Учаске» жедел профилактикалық шарасы өтіп жатыр. Бұл бастама – тұрғындармен өзара сенім орнатып, құқық бұзушылықтың белең алуын болдырмауды көздейді.

«Учаске» жедел профилактикалық шарасы – азаматтар мен тәртіп сақшылары арасында өзара сенім қалыптастырып, құқық бұзушылықтың алдын алуды көздейтін бастама. Мақсат – қоғамдық тәртіпті нығайту, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Шара аясында учаскелік полиция инспекторлары өңір халқымен ашық әңгіме өткізіп, интернет алаяқтық, ұрлық сынды қылмыстық әрекеттердің алдын алу жолдарын түсіндіреді. Учаскелік полиция инспекторлары бұдан бөлек, өздеріне бекітілген аумақтағы тұрғындармен тығыз байланыс орнатып, өтініш-шағымдармен жұмыс істейді. Тұрғындарға арнайы ескертпе парақшалар таратылып, алаяқтықтың алдын алу жолдары жайлы ақпарат беріледі.

Ердос Дайырбаев, Өскемен қ. ПБ Ертіс полиция бөлімінің аға учаскелік полиция инспекторы:

Ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінен 1 қарашасы аралығында Өскемен қаласының аумағында «Учаске» жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Қызмет көрсететін әкімшілік учаскелерде құқық бұзушылықтың алдын алу жөнінде шараларды күшейту, сенімгерлік қатынастарды орнату, сондай-ақ ішкі істер органдарының имиджі мен беделін арттыру мақсатында, іс-шара барысында Өскемен қаласының Ертіс полиция бөлімінде есепте тұратын тұлғалармен профилактикалық жұмыс жүргізуде.

Қоғам тыныштығы – азаматтардың ортақ міндеті. Сол себепті құқық қорғау органдарының өкілдері тұрғындарды өз қауіпсіздігіне бейжай қарамауға шақырады.

Талант Тұрсынов