Өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіші тұрақты. Жыл басынан бері жүргізілген жүйелі жұмыс оң нәтиже көрсетуде. Десе де кейбір бағыт бойынша әлі де жетілдіруді қажет ететін салалар бар. Мәселен, соңғы 5 жылда тау-кен саласына тартылған инвестиция көлемі төмен. Бағалы металл қорларына барлау жұмыстарын жүргізу, қолданыстағыларға жаңа технологияларды енгізу маңызды. Бұдан бөлек, ауыл шаруашылығы, инфрақұрылымды, логистиканы және цифрландыру бағытындағы жұмыстарды жетілдіру қажет. Туризм, денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет және спорт салаларында да ауыз толтырып айтар жұмыс жетерлік. Осы және өзге де мәселелер облыстық мәслихаттың кезекті жиырма төртінші сессиясында айтылды.

Экономиканы әртараптандыру маңызды. Соның ішінде өңдеу саласын жетілдіру бүгінгі күн талабы. Әсіресе, инвестициялық ахуалды, шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту мақсатында жүйелі жұмыс жүргізу керек. Мәселен, биыл 104 млрд. теңгенің 11 инвестициялық жобасын аяқтау жоспарда бар. Туризмді дамыту маңызды. Жыл басынан бері бұл салаға 13 млрд. теңге инвестиция тартылды. Әсіресе, Катонқарағай, Марқакөл, Риддер және Ұлан аудандарында бұл бағыттағы жұмыстар жүйелі жүргізілуде. Қысқы туризмді дамытуға да айрықша көңіл бөлінуде. Ауыл шаруашылығы саласында да жеткен жетістіктер аз емес. Экспортқа шығарылған өнім көлемі межелі жоспардан асып түсті. Халықаралық деңгейде өткен «ALTAY INVEST-2025» форумы аясында 740 млрд. теңгенің 41 меморандумына қол қойылды. Негізгі басымдық туризм мен ІТ саласына берілді.

Нұрымбет Сақтағанов, Шығыс Қазақстан облысының әкімі:

Жыл басынан бері негізгі капиталға салынған инвестиция 16 процентке, құрылыс жұмыстарының көлемі 11 процентке, ауыл шаруашылығы саласында 1 процент байқалды. Бюджетке түсетін түсімдер 12 процентке ұлғайып, шамамен 177 миллиард теңгені құрады. 19 мыңнан ас жұмыс орыны құрылды. Оның 14 мыңы тұрақты жұмыс орындары. Орташа жалақы 9 процентке өсті. Бұл сандар тек статистикалық көрсеткіш ғана емес ол қаншама атқарылған еңбектің бизнестің тұрақтылығы мен инвесторлардың сенімін көрсетеді. бұл болашақта жаңа идеялар мен инвестиция үшін тұрақты бәсекеге қабілетті экономиканы қалыптастыратыны негіз болмақ.

Бұдан бөлек, республикалық және облыстық маңызға ие жолдар жөнделуде. Суды ұтымды пайдалану бағытында жүзеге асырып жатқан жобалар жетерлік. Білім, денсаулық, әлеуметтік салаларда Жолдау жүктеген міндеттер өз кезегімен орындалуда. Экологиялық акциялар мен жастарға қолдау көрсету, жаңа технологияларды қолданысқа енгізу бойынша тың бастамалар өз нәтижесін беруде. Сонымен қатар, жылыту маусымына дайындық жұмысы да пысықталды. Мәселен, облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Нұрлан Рамазановтың берген есебі бойынша биыл Риддер ЖЭО 6,4 млрд. теңге жөндеу жұмыстарына қарастырылып, оның ішінде жылу желілерін жөндеуге 3,4 млн. теңге бағытталған. Риддердегі жылу электр орталығындағы 4 қазандық агрегатында ағымдағы жұмыстар аяқталды. Бұдан бөлек, Алтай ауданындағы жөндеу жұмыстарына 120,5 млн. теңге жұмсалса, облыстық бюджеттен Ұлан ауданына 171,1 млн. теңге бөлінді. Жылу қазандықтары мен желілер жаңартылды. Ал Катонқарағай ауданындағы ауруханадағы қазандықты жөндеуге және қосымша қазандық орнатуға 16 млн. теңге бөлінген.

Нұрлан Рамазанов, облыстық энергетика және ТҮКШ басқармасының басшысы:

Бекітілген іс шаралар жоспарына сәйкес 33 орталықтандырылған 190 автономдық қазандық 4270 су құбыры және 1187 су бұру желілері сондай-ақ 21 мың км электр желілері жылыту маусымына даййындалды. 3083 көппәтерлі тұрғын үй және 837 бюджеттік ұйымдардың дайындығы қамтамасыз етілді. Оның ішінде 312 денсаулық сақтау ұйымы. 517 білім беру нысаны 12 әлеуметтік қорғау нысаны. 2025-2026 жылдардың жылыту маусымына дайындық науқаны аясында жалпы соммасы 50 миллиард теңгеге жұмыстар жүргізілді.

Бүгінгі таңда барлық әлеуметтік нысандар толықтай жылумен қамтылды. Көмір қоры жеткілікті. Халыққа қажетті отынның бүгінгі күні 80 пайызы, ал бюджеттік сала нысандарына 36,7 мың тонна көмір жеткізілді. Бұдан бөлек, 2025-2027 жылдарға арналған облыстық бюджетке өзгертулер мен толықтырулар енгізілді. Депутаттар бұл ұсыныстарды бір ауыздан мақұлдады.

Салтанат Кеңесбекқызы