Өскеменде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы жалғасуда. Қала тұрғындары мен мемлекеттік қызметшілер қоршаған ортаны таза ұстау мақсатында сенбіліктерге белсенді қатысып келеді. Бүгін «AMANAT» партиясының облыстық филиалы мен мәслихат депутаттары қала маңындағы қоғамдық демалыс орындарын қоқыстан тазартты.

Тазалық — тәртіптің айнасы. Әр бейсенбі сайын «АMANAT» партиясының қызметкерлері қоғамдық аумақтарға шығып, қаламыздың көркейіп, таза әрі тұрғындарға жайлы болуына өз үлестерін қосып келеді. Саяси ұйым қолға алған осындай шаралардың арқасында қаланың шырайы кіріп, көптеген аумақ шаң-тозаңнан, қоқыстан тазартылып жатыр.

Жансая Қаныбекова, «AMANAT» Партиясы ШҚОФ қоғамдық қабылдау бөлімінің меңгерушісі:

«Аманат» партиясының мүшелері депутаттармен бірге «Таза Қазақстан» жобасы негізінде табиғаттағы қоқыстарды тазалауға шықтық. Жалпы, азаматтарды осындай тазалық акциясына шақырамыз.

Өскемен қалалық мәслихатының төрағасы Александр Светаш та тазалық шараларына белсене атсалысып, бұл бастаманың жалғасатынын айтты.

Александр Светаш, Өскемен қ. мәслихатының төрағасы:

Мемлекет басшысының бастауымен қолға алынған «Таза Қазақстан» акциясына қатысуды жалғастырып келеміз. Әр бейсенбі сайын «Аманат» партиясы филиалының қызметкерлері қоғамдық аумақтарға шығып, қаламыздың көркейіп, таза әрі тұрғындарға жайлы болуына өз үлестерін қосып келеді. Мұндай игі істер жалғасын табады.

Қаланың тазалығын сақтау - әрбір тұрғынның ортақ міндеті. «Аманаттықтар» қолға алған осындай шаралар Өскеменде экологиялық мәдениетің қалыптасуына сеп болмақ.

Фатима Тілейханқызы