Зайсан ауданының әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіші қарқынды. Мұнда соңғы жылдары бірқатар ауқымды жобалар қолға алынып, елдімекендердің инфрақұрылымы ретке келтіріліп жатыр. Соның бірі - Жаңатұрмыс ауылына апаратын жолдың жөнделуі. Аудандағы өзге де тың бастамалар жайлы әріптесім Нұртас Қайролдаев тарқатсын.
Жөндеу жұмыстары бекітіліген кестеге сай жүргізілуде. Қазіргі таңда мердігер компания бекітілген жоспарды аяқтауға жақын. Ал жергілікті билік өкілдері құрылыс сапасын ерекше бақылауға алған.
Әли Жұмағалиев, Зайсан аудандық ТҮКШ, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы:
Жоба бойынша жолдың ұзындығы 12 шақырымды құрайды. Бүгінгі таңда «Монтаж LTZ строй» ЖШС-мен келісім шарт жасалып, орташа жөндеу жұмыстары атқарылуда. Жоба бойынша жолдың ені алты метрді құрайды және жол жиегі бір-бір метрден. Келісім шарт бойынша жұмыстардың аяқталу мерзімі 2026 жылдың екінші тоқсанының аяғына дейін. Алай да ауа райыны қолайлы болса жұмыстардың ерте аяқталу мүмкіндігі бар.
Ауданда қолға алынған игі бастамалар мұнымен аяқталмақ емес. Мәселен, «Зайсан» көпсалалы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының автопаркі таяуда жаңа техникамен толықты.
Данияр Серіков, «Зайсан» көп салалы коммуналдық мемлекеттік шаруашылық жүргізу есебіндегі кәсіпорны директорының орынбасары:
Біздің мекеме жеті бірлік техника алынған болатын. Жалпы құны 215 млн. Осы мекеме жұмыс бастағалы бері осындай техника алып көрген жоқ. Сондықтан өте қуанышты жаңалық болып тұр. Біздің аудан үшін. Ең бастысы облыс әкімі Нұрымбет Аманұлы Сақтағановқа және аудан әкімі Аэлита Ахметсәлімқызына алғысымызды білдіреміз.
Сәбетбек Дауылбаев, «Зайсан» көп салалы коммуналдық мемлекеттік шаруашылық жүргізу есебіндегі кәсіпорнының жүргізушісі:
Әбден тозығы жеткен техникамен жұмыс істеп халықтың көңілінен шығамыз ба деп жүргенбіз. Былтыр бір грейдер келген. Биыл аяқ астынан жеті техника бірдей келіп, ақ түйенің қарыны жарылып, үлкен қуаныштамыз. Бұл енді осында жүргізуші болып жүрген жалғыз менің емес, тракторист грейдеристтердің ғана емес. Халықтың қуанышы деуге болады. Осы техниканы алғанан кейін осы ауданның экономикасын көтеруге көмегіміз бұрынғыдан молырақ тиеді деп сенімді түрде сендіріп айтамын.
Жол жөндеу жұмыстары мен коммуналдық саланы жаңғырту – Зайсан ауданының әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерінің дамуына тың серпін беріп отыр. Инфрақұрылымның жақсаруы ауыл халқының тұрмыс сапасын арттырып қана қоймай, өңірге инвестиция тартуға жол ашады.
Нұртас Қайролдаев