Ұлан ауданы, Қасым Қайсенов кентінде Республика күні салтанатты түрде аталып өтті. Мерекелік шараға жергілікті мемлекеттік органдардың, білім, мәдениет саласының өкілдері мен аудан тұрғындары жиналды.

Республика күні – тәуелсіз Қазақстанның іргесі қаланған, бейнесі айшықталған мереке. Айтулы күнге орай Қасым Қайсенов кентіндегі мәдениет үйінде өткен шарада аудан әкімі Арман Бекбосынов жиналғандарды құттықтап, ізгі тілегін жеткізді. Ол өз сөзінде бұл күннің маңыздылығын атап өтіп, ауданның әлеуметтік-экономикалық жетістіктерімен бөлісті. Сонымен қатар Республика күні барша қазақстандықтарды біріктіретін, бейбітшілік, тәуелсіздік және жасампаздық құндылықтарын еске түсіретін ерекше мереке екенін атап өтті.

Арман Бекбосынов, Ұлан ауданының әкімі:

Жиырма бесінші қазан халқымыздың тарихындағы аса маңызды күн. 1990 жылдың 25 қазанынада еліміздің егемендіні жарияланып, тәуелсіздің кезеңі басталды. Бұл тарихи күн мемлекеттік мереке емес, елімізге деген құрмет пен патроитизмнің нышаны тарихи өткенін зерделеп, болашақ дамуының бағдары.

Мерекелік шараның құрметті қонағы Қазақстан Жазушылар одағының ШҚОФ директоры, Журналистер одағының мүшесі Әлібек Қаңтарбаев. Ол өз сөзінде Ұлан ауданы дарынды да еңбекқор тұлғаларымен танымал. Ел мәдениеті мен өнерге, ғылым мен білімнің дамуына елеулі үлес қосқан киелі өлке екенін атап өтті.

Әлібек Қаңтарбаев, Қазақстан Жазушылар Одағының ШҚОФ директоры:

Мұқым Ұланның жұртына шығыс қазақстан халқына Республика күні құтты болсын. Қайырлы болсын. Бұл Ұлан жері деген бұл атақты жер. Арыға бармай-ақ қояйық. Кешегі С.Аманжоловтың Отаны қазақтың үлкен түрколог ғалымы одан беріге келетін болсақ Қасым Қайсеновтың , Төлеген Тоқтаровтың жалаң аяқтарының ізі түскен жер. Қазақ аман болсын. Қазақ болмаса, қазақ жоқ болса бізге руханияттың қажеті де болмай қалады. Сондықтан барлығы құтты болсын.

Салтанатты шара барысында Арман Бекбосынов туған өлкесінің дамуына сүбелі үлес қосқан аудан тұрғындарына алғыс хаттар мен Құрмет грамоталарын табыс етті. Марапатталғандардың қатарында өмірінің 40 жылдан астамын мәдениет саласына арнаған Сәуле Жұматаева да бар.

Сәуле Жұматаева, Ұлан ауданы мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы:

Бұл шараның маңызы өте зор. Бұл еліміздің республика күні болғандықтан біздің егеменді еліміздің егемендігін айшықтайтын біздің берекелі өте керемет мемлекет екенімізді айшықтайтын мереке деп ойлаймын. Болашақ жастарға біздің жолымызды беріп, осы мемлекетке елімізге адал еңбек етіп, еліміздің дамуына өз үлесін қоссын деп тілеймін.

Сондай-ақ, бұл күні өз міндеттеріне адал, халық игілігі үшін қызмет етуге дайын жас мемлекеттік қызметшілер салтанатты түрде ант қабылдады.

Ольга Владимирцева, Асубұлақ ауылы әкімдігі аппаратының бас маманы:

Біз үшін яғни жас мамандар үшін бүгінгі ант қабылдау рәсімі ерекше болды.. Баршаңызды Республика күнімен құттықтаймын. Барлығына бақыт, жылулық, жайлылық және ашық аспан тілеймін.

Мерекелік шара шығармашылық ұжымдардың қатысуымен өткен мерекелік концертке ұласты.

Салтанат Кеңесбекқызы, Дильназ Мурзагалиева