Шығыс Қазақстан облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасында қоршаған ортаны қорғауға бағытталған мәдени шара өтті. «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында ұйымдастырылған «Книгологично – 2025» фестивалі – кітап оқуға деген сүйіспеншілік пен табиғатты аялау идеясын ұштастырған бірегей жоба.

Шығыс Қазақстан облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасында экологиялық мәдениетті насихаттауға арналған «Книгологично – 2025» фестивалі өтті. Шара тек кітап оқуды дәріптеу ғана емес, табиғатты қорғау мәдениетін дамытуға арналған маңызды жоба. Мұнда түрлі бағыттағы көрмелер, танымдық шеберлік сабақтары мен өнерлі балалардың жұмыстары көпшілік назарына ұсынылды.

Эльмира Шағыраева, облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасының коммуникация орталығының жетекшісі:

Облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасында жыл көлемінде «Таза Қазақстан» акциясы әртүрлі мәдени шаралар арқылы өтіп жатады. Соның бірі өздеріңіз бүгін көріп отырғандай фестиваль шарасы. Балаларымыз ағаш қалдықтарынан, пластика қалдықтарынан өздерінің қолдарымен кітаптағы кейіпкерлерді, сюжеттерді, картиналар мен шеберлік сыныптарын жасап шығару, өздеріне мүмкіндік алу, соның ерекшеліктерін сезіне білу.

Фестиваль бағдарламасы аясында қауырсын қақпақтарды жинау акциясы ұйымдастырылды. Балалар қайта өңделген материалдардан ерекше панно, логотип жасауға арналған шығармашылық шеберлік сабағына қатысты.

Нұрлан Тұраров, шараға қатысушы:

Әлем бойынша осы проблема, бірінші проблема қазір тұрған. Бізге пластик керек болады, тара керек болады, қағаз, картон упаковкалар керегі бар. Сондықтан біз одан ешқайда кетпейміз. Біз үйрену керекпіз соны таза ұстауға. Өзіміздің планетамызды. Соның ішінде Қазақстан шараларды қолданып жатыр бірнеше.

Осындай игі бастамалар арқылы жас ұрпақтың экологиялық жауапкершілігі артып, ел болашағына бейжай қарамайтын азаматтар қалыптасады.

Талант Тұрсынов