Зайсан ауданы тұрғындары Республика күнін ерекше форматта атап өтті. Салтанатты шарада елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына сүбелі үлес қосқан 50 астам азамат түрлі деңгейдегі марапатқа ие болды.

Мерекелік жиында ауданның белсенді азаматтарына «AMANAT» партиясының төсбелгісі мен құрмет грамоталары, облыстық басқармалар мен кәсіподақ ұйымдарының алғыс хаттары табысталды. Білім, мәдениет, денсаулық сақтау және спорт салаларында үздік нәтижеге жеткен қызметкерлерге құрмет көрсетілді.

Нұрғайни Қабидолдина, Зайсан ауданы әкімінің орынбасары:

Бүгінде баянды болашаққа бет алған тәуелсіз Қазақстан республикасы баршамыздың ортақ жетістігіміз ортақ мақтанышымыз. Берекелі бірлік, ырысты ынтымақ пен экономиканың әр саласында еліміздің даму даңғылында аянбай еңбек етіп жүрген әр-бір Қазақстандықтың арқасында еліміз ұдайы даму үстінде осы жылдар аралығында ауданымызда тұрғындардың өмір сүруіне қолайлы жағдай жасап. Барлық мүмкіндіктерді пайдаланып өңірдің экономикасының тұрақты өсуімен әлеуметтік нысандарды жаңғырту және инфрақұрылымды жаңалауда нақты шаралар қабылданып, ірілі ұсақты 60 астам жобалар іске асырылды.

Салтанатты шара аудан өнерпаздарының концерттік бағдарламасына ұласты. Ән мен күйге толы сахна көрерменге көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Мерекелік кешке Қазақстанның еңбек сіңірген әртістері Қанат пен Айткүл Құдайбергеновтер қатысты. Өнер иелерінің орындауындағы патриоттық және лирикалық әндер мерекенің ажарын аша түсті.

Қанат Құдайбергенов, ҚР Еңбек сіңірген әртісі:

Зайсан ауданы бізге өте ыстық еліміз, жұртымыз үйткені Айтгүлдың туған жері. Арнайы ұлық мерекеге арнайы шақырумен келдік. Зайсан ауданындамыз. Жалпы ШҚО тұрғындарын және Зайсан ауданының жұртшылығын ұлық мереке Республика күнімен шын жүректен құттықтаймыз. Республика күні құтты болсын.

Ерболат Әлпиев, «БЭСК» АҚ Алтай аймағының директоры:

Зайсан ауданы және Зайсан қаласы туралы аз-маз айтып өтетін болсақ. Осы Абай облысы және ШҚО аудандарының ішіндегі алдынғы орындарда көрінетін. Әлеуеті мен экономикасы қарыштап дамыған аудандардың бірі. Осы ауданда туып өскеніме және 20 жыл осында жұмыс істеп кеткеніме қуанамын. Сондықтан осы жерлестер сіздерді қазанның 25 болған республика күнімен құттықтаймын. Денімізге саулық, басымызға амандық болсын. Ауданымыз да еліміз де қарыштап дами берсін. Барлығымызға жақсылық тілеймін.

Бұдан бөлек, қала күні де ерекше форматта аталып өтті. Шара аясында «Үлгілі мекеме», «Үлгілі үй» номинациялары бойынша үздіктер анықталып, көпбалалы аналар — «Алтын алқа» және «Күміс алқа» иегерлері атанды. Қала мектептері ұйымдастырған көрме де мерекенің көркін келтірді.

Бақытбек Адаспаев, Зайсан қаласының тұрғыны:

Ауланы, үйді, көшені және есік алдын таза ұстау әр азаматтың өзінің міндеті деп білемін. Ол өзімізге де қаламызға керек нәрсе. Енді мына аудан әкімдігіне, қала басшыларына еңбегімді ескеріп беріп жатқан силығына алғыс айтқым келеді. Халқымызды республика күнімен, қала күнімен және гүлдер мейрамы деп жатыр сонымен құттықтаймын. Әр қашан осындай тойда, қызықта жүре берейік.

Бақытбек Бөтекенов, Зайсан қаласының тұрғыны:

Бүгінгі күнде Зайсанымыз күннен күнге көркейіп келе жатыр. Болашағы зор аудандардың біріне жатады. ШҚО ең дамыған аудандарының біріне жатқызуға болады. Үйткені мемлекет арасында ұшатын әуежай құрылысы басталып келесі жылы пайдалануға берілмек. Туризм дамымақ. Халыққа, жастарға жұмыс жетеді. Жұмыс істеймін деген адамдарға. Сондықтан мына қала күні құтты болсын дегім келеді. Халаның тазалығына да көғалдандыру, көркейуіне қатты мән беріліп, Жақсы жұмыстар істелініп жатыр.

Зайсан ауданы бүгінде әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіші жоғары, тұрғындардың өмір сүруіне қолайлы жағдай жасалған өңірлердің бірі. Айтулы күнге орай ұйымдастырылған мерекелік шара ел бірлігін, аудан халқының еңбекқорлығы мен мәдени рухын айқын көрсетті.

Нұртас Қайролдаев