Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінде КСРО-ның Халық мұғалімі, ұлт ұстазы Құмаш Нұрғалиевтің 100 жылдығына арналған маңызды шара өтті. Ғалымның есімімен аталатын Жасанды интеллект және цифрлық педагогика зертханасы ашылды. Жаңа орталық аймақтың инновациялық дамуына серпін беріп, білім беру жүйесіне жасанды интеллект технологияларын енгізуге бағытталған.

Шығыс Қазақстан университетіндегі жаңа зертхана – болашақ педагогтердің кәсіби даярлығын жетілдіруге арналған инновациялық кеңістік. Мұнда жасанды интеллект негізіндегі білім беру процестері зерттеліп, заманауи смарт-платформалар әзірленбек. Жобаның басты мақсаты – цифрлық педагогика мен білім беру технологияларын интеграциялау арқылы оқу сапасын арттыру.

Мұхтар Төлеген, С.Аманжолов атындағы ШҚУ ректоры:

Біз бүгін Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінде әйгілі, белгілі КСРО ұстазы, құрметті ұстазы Құмаш Нұрғалиұлы Нұрғалиевтің атындағы жасанды интеллект лобороториясын ашып отырмыз бүгін. Үйткені білесіздер Құмаш Нұрғалиевке биыл 100 жыл. Жаңа пәндер, ғылыми зерттеу жұмыстары, біліктілікті арттыру бұл жерде барлық мынау жасанды интеллекттің соңғы мүмкіндіктерінің барлығы да осы жерде жүзеге асырылатын болады. Дәрістің барлығы да осы электоронды цифрлық педогогияка бағытында болады.

Зертхана аясында үш цифрлық агент әзірленіп жатыр. AI-KOMEKSHI – ұстаздардың оқу кестесін еске салып, ұйымдастыруға көмектеседі. AI-USTAZ – оқу жетістіктерін талдап, жеке оқу траекториясын ұсынады. Ал AI-DARIS болса – сабақ кестесін оңтайландырып, білім беру үдерісін жеңілдетеді. Бұл жобалар студенттер мен магистранттарға тәжірибелік әрі зерттеу алаңын ұсынбақ.

Әлібек Нұрмұхамедов, Қ.Нұрғалиевтің күйеу баласы:

Құмаш Нұрғалиев өздеріңізге белгілі, бүкіл КСРО-ға белгілі, облысқа белгілі. Мінекей биыл 100 жылдығына байланысты Республикадан бастап, облыста, аудандарда, мектептерде, әрбір мекемелерде ол кісінің 100 жылдығына арналған үлкен шаралар өтіп жатыр. Бүгін мінекей осы мына Сәрсен Аманжолов атындағы университетінде мына лобороторияның ашылуына қатысып отырмыз. Біз ризамыз. Елін, ұстазын жағары мәртебесін, жоғары биікке ұстаған осындай университетке үлкен рахмет.

Бұдан бөлек, Боран ауылындағы Құмаш Нұрғалиев атындағы мектепке арнайы грант пен стипендия тағайындалды. Бұл бастама дарынды оқушылар мен болашақ педагогтарға қолдау көрсетіп, ұстаз ұлағатын ұрпақ санасында жаңғыртпақ.

Талант Тұрсынов