Облыс орталығында «Jastarmen Birge» жас көшбасшыларды марапаттау рәсімі өтті. Онда өңірдің белсенді жастарына облыс әкімінің «Мемлекеттік жастар саясатын іске асыруға қосқан үлесі үшін» сыйлығы бес номинация бойынша табысталды. Бұдан бөлек, «MAMAN FEST - 2025» жұмысшы жастар фестивалінің жеңімпаздары марапатталды.
Шара «Maman Fest» фестивалінің жеңімпаздарын марапаттаумен басталды. Жарыс қорытындысына сәйкес үшінші орынды «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының командасы алды. Кезекті екінші орынға «Востокцветмет» ЖШС Артемьевск өндірістік кешенінің құрамасы табан тіреді. Ал, жеңіс қалалық ЖЭО-ның қызметкерлеріне бұйырды. Олар бір миллион теңге көлеміндегі сертификатқа ие болды.
Софья Плясунова, «ҚТЖ «ҰК» АҚ - Семей магистральдық желі бөлімшесі филиалының тасымалдау құжаттарын өңдеу жөніндегі операторы:
Шараны ұйымдастырушыларға алғысым шексіз. Жастардың дамуына мүмкіндік беріліп жатқаны көңіл қуантады. Бұл олардың алға ұмтылып, қанат жаюуына, биік мақсаттарға жетуіне жол ашады. Сайыс үш кезеңнен тұрды. Бірінші кезеңде шағын футболдан бақ сынадық, одан кейін волейбол спорты, зияткерлік ойын бойынша кім мықтыны анықтады.
Облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов аймақта жастардың дамуы үшін үлкен мүмкіндіктер қарастырылғанын атап өтті. Оның сөзінше бүгінде 170 мыңнан астам жас сапалы білім алып, жан – жақты кәсіби қолдау алуда. Жұмысшы мамандықтар жылына орай техникалық кадрларды даярлауға ерекше көңіл бөлінген. 25 мың студент өңірдегі екі ЖОО-да және 37 колледжінде сұранысқа ие мамандықтарда оқуда. Бұдан бөлек, «Білікті маман» жобасы бойынша 270 грант бөлінген. «Дипломмен ауылға», «Жастар практикасы» және «Жасыл ел» бағдарламасы арқылы шығыстағы екі мыңнан аса жас азамат жұмысқа орналасқан.
Нұрымбет Сақтағанов, Шығыс Қазақстан облысының әкімі :
Бүгін кездесіп отырғаныма өте қуаныштымын. Мемлекет басшысы президентіміз әрдайым осы жастар туралы жақсы айтады. Еліміздің келешегі ойы ұшқыр, білімді, көзқарасы заманауи жастардың қолында деп. Сіздерде соған сай әр уақытта жақсы жастарды көріп отырамыз.
Жастар бастамаларының ауқымы артып келеді. Олар әлеуметтік жобаларға, волонтерлік қозғалыстарға белсенді қатысады. Кәсіби дағдыларын дамытып, өңірдің дамуына елеулі үлес қосуда.
Айдос Әділбеков, Облыстық жастар ресурстық орталығының директоры:
ШҚО әкімінің жыл сайынғы жастар сыйлығы бес атау бойынша үлестірілді. Ол жыл көшбасшысы жұмысшы мамандықтар жылы. Біздің облысымызда ірі кәсіпорындардың барлығында әртүрлі жастар ұйымдары жұмыс жасайды. Кеңестің Казцинк Жшс кеңес төрайымы Жанболатова Жансая деген әріптесіміз алды. Еңбек адамы атауын Үлбі мет.зауытының өкілі алды. Жыл волонтері 5 аталым бойынша аталып өтілді. Әр жүлде жеңімпаздарына 500 мың теңге қаржылай сыйлықтар берілді.
«Жыл волонтері» номинациясының иегері – Арна Арданбекқызы атанды. Ол қоғамдағы әлеуметтік маңызды жобаларға белсенді қатысады. Ерікті қызметі қатарластарына үлгі.
Арна Арданбекқызы, «Жыл волонтері» номинациясының иегері:
Жыл басынан бастап волонтерлермен бірге көптеген жұмыстар атқарған болатынбыз. Ерекше атап өтетінім Таза Қазақстан акциясында көптеген жұмыс атқардық. Осы шығысымыздың қаламыздың табиғаты үшін барымызды салдық деп айтсам болады. Әлеуметтік жағынан болсын көптеген іс шараларда белсенділік танытамыз. Қарттарымызға көмектесу, ақ батасын алып болашағымыз жарқын бола түседі. Қарапайым волонтер болып жұмыс атқарып жүрмін осы еңбегімнің жемісі деп білемін. Өте қатты қуаныштымын.
«MAMAN FEST» еңбек адамының мәртебесін арттырып қана қоймай, өңірде белсенді жастар ортасының қалыптасуына ықпал етеді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл бастама алдағы жылдары да жалғасып, маңызды дәстүрге айналмақ.
Гүлдана Айдарқызы