Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ қабырғасында «Лу Бань шеберханасы» халықаралық жобасын дамытудың екінші кезеңі басталды. ЖОО – да «SMART Driving Technology» атты жаңа Инжинирингтік орталықтың тұсаукесері өтті. Бұл интеллектуалды көлік саласындағы заманауи технологияларды дамытуға, ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізуге және еңбек нарығында сұранысқа ие мамандар даярлауға арналған маңызды платформа.
Шара аясында смарт-көліктер көрсетілді. Орталық толығымен заманауи оқу платформаларымен жабдықталған. Мұндай құрылғылар болашақ көлік технологияларымен жұмыс істейтін инженерлерді даярлауға мүмкіндік береді. Аймаққа жұмыс сапарымен келген ҚР жоғары білім және ғылым вице – министрі Гүлзат Көбенова орталықты өз көзімен көріп, бақылап шықты.
Гүлназ Көбенова, ҚР Жоғары білім және ғылым вице – министрі:
Қазақстан қазіргі сәтте әлемдегі жалғыз мемлекет. Тек қана біздің мемлекетке екі мемлекет басшысының арасындағы қарым – қатынасының арқасында үш Лубань шеберханасы орнату бойынша шешім қабылданып отыр. Әр мемлекетте бір шеберханадан болатын. Соның ішінде Серікбаев атындағы университет алғашқы университет бүгін екінші кезеңі құрылып отыр.
ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі, Шығыс Қазақстан және Өскемен әкімдігіне алғысын жеткізді. Ал аталған орталық Қазақстанда ғана емес, басқа елдерде де интеллектуалды көлік жүйелерінің дамуына үлес қосатын көрінеді. Осы бағытта жұмыс істеуге ниетті жастарды да даярлап шығаруға әзір.
Сәуле Рахметуллина, Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ ректоры:
Осы автомобильдер Қазақстанда бірінші біздің университетке келіп отыр. Бұлар салынған карта бойынша өздері жүре алады. Ол біздің студенттерге өте жақсы мүмкіншілік. Мұндай көлік және көлікке арналған керекті стендттер келіп осы студенттер білім алуда. Жастарға айтамын осы ЖИ технологияларды меңгеріңдер, біздің университетке келіңіздер.
Лу Бань шеберханасы ШҚТУ қабырғасында 2023 жылдан бері жұмыс істейді. Қазірдің өзінде халықаралық білім хабына айналған.
Анасыр Мейрашев, Лу Бань шеберханасының жетекшісі:
Басты бағыт біздің ол студенттерді практика негізінде оқыту. Өздеріңіз көріп отырғандай құрал – жабдықтың барлығы студенттерге практика жүзінде үйренуге мүмкіндік береді. Автопилот жүйесімен жабдықталған екі автокөлігіміз әкелінген. Сондай жүйелермен қазіргі таңда студенттер жұмыс істеуді бастайды. Заман талабына сай, ары қарай қадам басуымыз керек. Өйткені жаңа технологиялармен таныстырып жатырмыз. Интелектуалды жағынан алдыға қарай жүруіміз керек.
Облыс әкімінің орынбасары Ербол Нұрғалиевтің сөзінше, өңірде өнеркәсіп саласы қазір айтарлықтай қарқын алды.
Ербол Нұрғалиев, ШҚО әкімінің орынбасары:
Еліміздің ҚХР байланысқан көпір болып саналамыз. Біздің облыс пен Қытай берік әріптестік және қарым – қатынас бізді біріктіреді. Экономикалық, мәдени және білім беру байланыстары бізде белсенді қарқынды дамып келе жатыр.
«SMART Driving Technology» орталығы елде инженерлердің жаңа буынын қалыптастыруға ықпал етеді.
Гүлдана Айдарқызы